ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ

17:58, 15 қараша 2018

Облыста майлы дақылдарды жинау науқаны аяқталып келеді. Өңірдегі 13 ауданның 5-еуі ауа райының қолайсыздығына байланысты күнбағысты толық жинап ала алмай отыр.

Биыл диқандар 1 млнжуық га майлы дақылдарды екті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34 пайызға артық. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, былтыр өңір диқандары күзгі науқанда 715 мың тонна майлы дақыл жинаса, биыл 932 мың тоннасын қамбаға құйды. Гектар берекелігі 10 центнерге дейін жетіп отыр. 5 ауданның шаруашылықтары ауа райының қолайсыздығына байланысты күнбағыс алқаптарын жинай алмай отыр. Рапс, зығыр және күнбағыс өсіру – жоғары табысты бизнес. Сұраныс жоғары, бағасы да бидайға қарағанда екі есе қымбат. Сондай-ақ,  биыл майлы дақылдардың бағасы өсті. Рапстың тоннасы былтыр 127 мың теңге болса, биыл 133 мың теңгеге жетті. 1 тонна зығыр үшін 105 мың теңге сұрайды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 15 мың теңгеге қымбат. Күнбағыстың бағасы 110 мыңнан 115 мың теңгеге дейін жетті. Бұл ішкі нарықтағы құны, экспорттық баға одан да жоғары.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Егістік алқаптарын әртараптандыру бағыты дұрыс. Биыл майлы дақылдар алқаптарын 976 мың гектарға дейін жеткіздік. Жақсы өнім жинадық. Майлы дақылдардың бағасы өсті. Тиісінше, түсім мен еңбек өнімділігі артады. Майлы дақылдар бидайға қарағанда 2,5 есеге қымбат.

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
21:12, 13 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...