ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА БИЫЛ КАРТОП БАҒАСЫ АРЗАН

17:54, 20 ақпан 2019

Былтыр картоп алқабы 27,9% ға ұлғайып өнім айтарлықтай мол болды. Тиісінше оның бағасы да едәуір арзандады. Мысалы 2018 жылы бір келі картоптың құны 130 теңгеге дейін жетсе биыл 35-40 теңгенің маңайында саудаланып жатыр. Қазір сауда орталықтары мен базарларда өнімге деген сұраныс артқан.

2018  өңірде көкөніс алқаптарын ұлғайтуға, оның ішінде картоп өсіруге басымдық берілді.  Облыс бойынша 600 мың тоннаға жуық картоп жиналды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 100 мың тоннаға артық.  Жергілікті өнім қазір базарда  келісіне 35-40 теңгенің маңайында саудаланып жатыр. Былтыр баға бұдан екі - үш есе қымбат болатын.

ГАУҺАР ШАТАНОВА, САТУШЫ:

- Биыл бағасы да, өтімі де жақсы. 30 теңгеден сатып алып, 35 теңгеден өткізіп жатырмыз.  Күніне 2 қап та, 20 қап та сатуымыз мүмкін.

Бағаның арзандауы қарапайым тұрғаындарға жағып отыр. Бұл халыққа тиімді болғанымен, шаруалардың қалтасын қағуда. Өйткені өз өнімін жоспарлаған бағада сата алмаған диқандар шығынға батуы мүмкін.

ЕРБОЛАТ БЕКШЕНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Біріншіден кәсіпкерлерге басқа рынкаларды іздеу керек. Басқа жерге апару керек оны. Спрос бар жерлерге.

Биыл жергілікті шаруалар картоп экспорттайтын көрші елдерде де өнім молынан болған. Сондықтан картоптың бағасы айтарлықтай қымбаттамайды деген болжам бар.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
21:12, 13 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...