ШҰҒЫЛ! 19 ҚАЗАН - ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ Толығырақ

Облыста орақ науқаны жалғасуда

21:40, 7 қыркүйек 2016

Бүгінгі күнге дейін 1 млн 868 мың гектар аумақта астық орылып, бастырылды. Бұл барлық көлемнің 58 пайызы. Гектар берекелілігі орташа 17,2 центнерден айналуда. 162 мың тонна майлы дақыл жиналды. Жалпы өңірде 3 млн 208 мың тонна астық бастырылды. Биыл Шал ақын ауданындағы «Городецкое» шаруашылығындағылар рапс, зығыр өсірілетін егістік алқабын кеңейткен.

Александр  Черкас  басқаратын «Городецкое» серіктестігінің  қарамағында  9 жарым мың гектар   жер бар. Қазір барлық алқаптарда жұмыстың қызған шағы. Диқандар рапсты бастыруда.      

Агроқұрылымның құрылғанына аз уақыт өтсе де,    бүгінде ол   қарқынды дамып келеді.  Егіншілікпен қатар шаруашылық  шетелдік  абердин-ангус  тұқымды  ірі   қара өсіруді де қолға алған.   Қазір  фермерлер  малға жем азық дайындауда.

Рапстың  түсімділігі  орташа алғанда  гектарынан 15 центнерден айналуда. Еңбеккерлердің алдында астықты ысырапсыз,  қысқа мерзім ішінде жинау міндеті   тұр.  Механизаторларға    жалақы атқарған  жұмыс көлеміне   қарай төленеді.   Серіктестіктегі орташа  еңбекақы  96 мың  теңге,  бұл аудандағы  ең жоғары көрсеткіштердің бірі.   

Ляззат САЛЫКОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МАМЛЮТ ҰН ҮГУ КОМБИНАТЫ АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУДА
20:33, 4 қазан 2018
МАМЛЮТ ҰН ҮГУ КОМБИНАТЫ АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар