ШҰҒЫЛ! ҚР МЕМЛЕКЕТТIК АКАДЕМИЯЛЫҚ БИ ТЕАТРЫ ПЕТРОПАВЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ Толығырақ

ОРАҚ НАУҚАНЫ КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ

18:00, 13 қыркүйек 2018

Облысымызда 1032,3 гектар астық орылды. Ол жалпы егіс алқабының 36,9 пайызын құрайды. Аудандар арасында айыртаулықтар 249 мың гектардың бидайын жинап алда келеді. Ал шалақындықтар көш соңында. Орақ науқанын қалай жүріп жатқандығын білу үшін арна тілшілері, Мамлют ауданында болып қайтты. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Мамлют ауданының жалпы егістік алқабының көлемі 170,2 мың гектарды құрайды. Оның 105, 5 гектарына дәнді дақылдар, 49,9 мыңына  майлы дақылдар, 13,4 гектарына көкөністер мен картоп егілген. Бүгінгі таңда 105 мың гектардың дәнді дақылдары орылды. Аудандағы кейбір серіктестіктер орақ науқанына енді ғана кіріскен. Солардың бірі «Белое-Агро» ЖШС. Диқандар жиым-терім жұмыстарының кеш басталғанын, ауа райының қолайсыздығымен байланыстырып отыр.

АЛЕКСЕЙ ЛЕВИН, «БЕЛОЕ – АГРО» ЖШС БАСҚАРУШЫСЫ:

Биыл орақ науқаны біраз іркілді. Себебі жауын шашын көп болды. Соның салдарынан жиым – терімді мерзімінен кеш бастап отырмыз. Алдымен майлы дақылдарды жинап аламыз, содан соң барып бидай оруға кіріспекпіз.

«Белое-Агро» ЖШС аудандағы ірі шаруа қожалықтарының бірі. Серіктестің 5 мың гектар жері бар. Оның 1800 гектарына бидай, қалғанына майлы дақылдар мен  мал азығын егілген.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Белое-Агро» ЖШС орақ науқанын кеш бастап отыр. Дегенмен дәл қазір мына алқапта 6 бірдей комбайн жұмыс істеуде. Олар күніне 500-600 гектардың дәнді-дақылын жинауға қауқарлы. Сондықтан болса керек диқандар жиым-терімді діл уақытында аяқтаймыз деп сенім білдіріп отыр

Алқап басында 8 механизатор екі ауысыммен жұмыс істейді. Қазір олар рапс жинауда. Оны аяқтаған соң бидай оруға кіріседі.

ВАЛЕРИЙ СИНЯШКИН, МЕХАНИЗАТОР:

Жиым-терім жұмыстарын жақсы жүруде. Дәл қазір рапс жинаудамыз. Комбайндардың барлығы жаңа. Ауа райы жақсы кезде жұмысты үдете түсуіміз керек, сондықтан 8 механизатор ауысып отырамыз.

Диқандар орақ науқанын 20 – 25 күнде аяқтаймыз деп жоспарлап отыр. Биыл жазда жаңбыр аз жауғандықтан, өнімділік те шамалы болады деп күтілуде. Серіктестік басшыларының сөзінше орташа егін шығымы гектарына қазір 15 – 18 центнерден аспайды.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, орақ науқаны, ауыл шаруашылығы, егін

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СПОРТТЫ СҮЙЕТІН  БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
22:12, 17 қыркүйек 2018
СПОРТТЫ СҮЙЕТІН БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
Толығырақ...