ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АУЫЛДАН БАСТАЛАДЫ

15:02, 12 шілде 2018

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.  Әсіресе келер ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол шаралардың ауыл-аймақтарда қолға алынуы көптің көңілінен шығуда. Мәселен,  Шал ақын ауданында бағдарлама аясында екі мектепте мұражай ашылып, аудандық кітапханада «Коворкинг» орталық іске қосылды.

Ақан барақ орта мектебінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған мына «Асыл қазына» мұражай шағын болғанымен,  жинаған  тарихи  мәліметтері құнды. Мұнда қазір фотосуреттердің өзі мыңнан асып жығылады. Оның ішінде ауданның,  ауылдың тарихы толығымен қамтылған.  Мұражайды ұйымдастыруға тек ұстаздар мен оқушылар ғана емес, ауыл азаматтары да ат салысқан.

ДИНАРА ДҮКЕНБАЕВА, АҚАНБАРАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ  МҰҒАЛІМІ:

- Біз енді сұрастырдық кімде не бар? кім не бере алады?-  деген сияқты. Сондай себеппен ауыл адамдары өздерінде не бар, үйлерінде қалған заттар деген сияқты солардың бәрін әкеліп бізге тапсырды. Біз олардың бәрінің есімдерін  жазып бөлек бір альбом жасап қойдық.

Орта мектептегі мұражайда  көне тұрмыстық заттар көп. Олар тек қазақ халқына ғана тән емес, жалпы ауданды, облысты мекен етіп келе жатқан ұлттардың  ұлттық дүниелері. Мұнда орыстың патифонын, қазақтың домбырасын, сары самауырынды, шоқ үтікті де кездестіруге болады.

ИРИНА БАДАЕВА, ЭКСКУРСИЯ ЖЕТЕКШІСІ:

- Мұражайдағы көне зат ол үзеңгі.  Ауданымызда бір кездері қазба жұмыстары жүргізілген болатын.  Мұғалімдердің бірі соған қатысты. Оған сол кезде алтынмен жалатылған үзеңгіні сыйға тартыпты. Ол шамамен 13-ші ғасырда жасалған деп болжанып отыр. Қазір мұражайда сақтаулы. Біз оны шынының астында сақтаймыз.Келушілер қолдарымен ұстап, көре алады.

Дәл осындай мұражайды аудандағы Повозочное мектебі де ұйымдастырған. Сонымен қатар, аудан орталығы Сергеевка қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық кітапханада коворкинг орталық ашылды. Мұнда тек қала , аудан тұрғындары ғана емес, қонақтар үшін де есік әрдайым ашық.  Мәселен Мұрат  Мырзажан Коворкинг орталықта алғаш рет. Сергеевкаға қонаққа келген ол, уақытты достарымен тиімді өткіздім дейді.

МҰРАТ МЫРЗАЖАН:

- Достарыммен бірінші рет келіп отырмын. Бұл орталықта интернет тегін. Ойын ойнауға, уақыт өткізуге болады. Шай, кофе берілді. Шахмат ойнадық, шашки ойнадық.Өзіміздің уақытымызды көңілді өткізудеміз.Қазақ әдебиетін, нақыл сөздерді оқыдық. Өзімізге керекті деген мағлұматтарды білдік.

Елбасы қазіргі таңда цифрлық технологияға, ақпараттандыруға көп мән беруліу тиіс деген болатын. Сондықтан аудан орталығындағы  коворкинг  орталықта ресми  кездесулерді, семинарлар мен өзге де танымды іс-шараларды өткізуге әбден болады. Мұндағы басты қағида ақпарат қолжетімді болуы керек, әрі келушілер үшін жайлы болуы шарт. Сол себепті де орталықта кітап оқып, ғаламторда ізденіп немесе ойлау қабілетін дамытатын ойындарды ойнап отырған азаматтарды кездестіруге болады.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, рухани жаңғыру

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ
17:58, 15 қараша 2018
ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...
БИДАЙ МЕН МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ БАҒАСЫ ӨСТІ
17:55, 12 қараша 2018
БИДАЙ МЕН МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ БАҒАСЫ ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
17:04, 14 қараша 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
Толығырақ...