ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ШАРУАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ

20:38, 21 маусым 2019

Егіс науқаны аяқталғанымен, диқандар қол қусырып отырған жоқ. Мол өнім алу үшін еккенді күтіп-баптау қажет. Шаруалар қазір алқаптарға тыңайтқыштар сеуіп, арамшөптермен күресіп, одан қала берді техникаларын сайлауда.  Шал ақын ауданының  «Гермес агро» серіктестігі 2004 жылы құрылған екен. Шаруашылық егіншілікпен қатар, мал шаруашылығымен де айналысады.   

«Гермес Агро» серіктестігі Городецкое селолық округінің ірі шаруашылықтардың бірі. Биыл мұнда 7 мың гектар жерге дән себілді. Оның 60 проценті дәнді, 20 процентіне  майлы дақылдар мен қалған жерге жем шөп егілді.  

СЕРГЕЙ ОКУНЕВ, «ГЕРМЕС-АГРО» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:

-  Қазір химимялық өңдеуге дайындалып жатырмыз. Кейін шөп шауып, малға азық дайындаймыз. Одан соң мал қораларын тазартамыз. Шаруашылықта құрылыс жұмыстары да жоспарланған. Бір сөзбен айтқанда қыста да жаздада жұмыс көп.

Кәсіпорында  жұмыс істейтін 70 қызметкерге қолайлы жағдай жасалған. Түскі ас беріледі,  жалақыны дер кезінде төлейді, тіпті баспанамен қамтиды.  Есесіне жұмысшыларға деген талап жоғары. Егор Бутырскийдің шаруашылықта еңбек етіп жүргеніне біраз жыл. Әуелі қара жұмысшы, мал бағушы болса, қазір механизатор

ЕГОР БУТЫРСКИЙ, МЕХАНИЗАТОР:

- Белорус тракторында жұмыс істеймін. Көп ұзамай арам шөптерден химиялық өңдеу жүргіземіз.  К-701 техникамыз бар.  Ескі болғанымен, әлі жақсы істейді. Егу жұмыстарына шығардық. Бір сынбай науқанды аяқтады.  

Кәсіпорын мал шаруашылығын да қатар алып келеді. Қара малдың басым бөлігі әулиекөлдік тұқым.  Жайылым жердің көлемі көп емес. Сондықтан мал азығын өсіруге  көп көңіл бөлінеді.

Наталья АИТОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар