ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ШЕТЕЛДЕН ҚАРА МАЛ ӘКЕЛІНДІ

20:40, 10 маусым 2019

Ақжар ауданында асылтұқымды мал ұстау және дамыту бойынша жұмыстар қарқынды  жүргізілуде. Мамыр айының өзінде мұндағы 4 шаруа қожалығы Австрия мен Чехиядан асылтұқымды ірі қара мал сатып әкелді. Солардың бірі «Талпын-Агро» фермерлік қожалығы. Шаруашылықпен, кәсіпкердің алға қойған жоспарымен әріптесім Майгүл Сейілбек танысып қайтты.

Төлеу Молдахметұлы ірі қожалықтың иесі. Қазіргі кезде ол етті ангус және ақбас тұқымдас сиырдың 100-ге жуығын ұстайды. Жақында бұлардың қатарына Чехиядан «Сыбаға» бағдарламасымен сатып алынған симментал тұқымдас сиырдың 61-і қосылды. Басты мақсаты болашақта цех ашып, сүт, май, қаймақ, ірімшік секілді таза әрі табиғи өнімдер шығару.

ТӨЛЕУ АХМУТДИНОВ, ФЕРМЕРЛІК ҚОЖАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бір мақсат қойдық сүтті сиырларды көбейтуге. Жоспарға қарай 61 бас Чехиядан «Сыбаға» бағдарламасымен 15 жылға алдық. Субсидиясын төлейтін болды. Сиырлар жақсы. Карантиннен өттік. Ешқандай ауру жоқ.

Сонымен қатар, Төлеу Ахмутдиновтың сиыр санын 300-ге жеткізу үшін 1 мың гектар жерге арпа, сұлу да егу жоспары бар. Қазіргі кезде қожалық жетекшісінің қол астында 12 кісі жұмыс істейді. Ал, алға қойған мақсаттарға жету үшін тағы адамдар қажет дейді. Ол үшін Төлеу Молдахметұлы жақында аудан басшылығымен Оңтүстікке барып сол жақта екі қолға бір күрек таба алмай жүргендерге жұмыс ұсынбақшы. Келетін отбасыларға арнап 5 үй де салып жатыр.

ТӨЛЕУ АХМУТДИНОВ, ФЕРМЕРЛІК ҚОЖАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ:

- Саясатымызбен істелініп жатқан программа бар ғой... Оңтүстіктен бізідң бауырларымызды әкеліп... соған 3 үй салынып жатыр 2 фундамент салдық. 1 үйдің іргесін салып жатырмыз. Тағы да 2 салуға жоспар бар. Аудан әкімі представитель болып барасыз деді. Барып, жұмыс ұсынбақпыз. Тракторшы, сварщик, шопыр дегендей.

Оған қоса фермерлік қожалықта 500 қой, 800-ге жуық жылқы бар. Жалпы соңғы 5 жылда Ақжар ауданында малдың басы 30 %-ға көбейген. Оның ішінде ауыл шаруашылығы ұжымдарында 2,5 бастан 12 мыңға басқа дейін өсті.

ӘБДІЖАППАР ҚИМАНОВ, АҚЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биылғы жылды алсақ біз қазір енді сүт, ет өндеуді ойластырып отырмыз. Жыл басынан жоспар бойынша шетелден 466 бас алып келу болған. Чехиядан,Австриядан 390 бас алып келдік. Жоспар 97 %ға орындалды. Бұдан басқа тағы 200 басты сатып алуды көздеп отырмыз.

Ауданда қазіргі таңда сүт өңдеумен 3 шаруашылық айналысады. Олардың қатарына биыл тағы 4 шаруашылық қосылады деген жоспар бар.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
17:58, 5 қараша 2019
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Толығырақ...