ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН ОҚЫТАДЫ Толығырақ

СҚО-да орақ науқаны жалғасуда

21:00, 13 қыркүйек 2016

Жаңбырлы күндер астық жинап жатқан шаруаларға кедергі келтіруде. Дегенмен, Шал ақын ауданының диқандары егілген 186 мың гектар жердегі дәнді дақылдың 75 пайызын орып үлгерген. «Агросевер» серіктестігі маңызды науқанды аяқтауға жақын. Мұндағы танап басындағы жұмысты арна тілшілері көріп қайтты.

Жаңбырға байланысты 2-3 күн тұрып қалған «Агросевер» серіктестігінің техникасы бүгін жұмысқа кірісті. Кәсіпорын еккен 10 мың гектарға жуық алқаптың жартысынан астамына бидай сіңірілген екен. Оны жинауды мұндағылар тамыздың 20-сы бастапты. Астық шығымдылығы гектарынан 20 центнерден айналуда. Диқандар мына егістік жерден көбірек өнім алуды жоспарлап отыр. «Астана» сорты егілген бұл жердің бидайы бітік шыққан. Ал арпаны агроқұрылым толық жинап алыпты. Гектар берекелігі 21 центнерді құрап отыр. Бүгіндері серіктестік 3 мың гектардан астам алқаптағы рапсты жинауда.

Мұндағылар рапсты жинап болуға жақын. Тек ауа райы мүмкіндік берсе болғаны. Бүгіндері қол қусырып отыратын кез емес Сондықтан, кәсіпорындағылар әр сағатты тиімді пайдаланып қалуда.

Күн райы оң қабақ танытса, мұндағылар астықты бір апта ішінде толық жинап алмақ. Бүгіндері серіктестік асыл тұқымды мал өсірумен де айналысады.

Биыл кәсіпорын әрбір аналық мал басына мемлекеттен субсидия алған. Оның көлемі - 33 млн теңгені құрапты. Жалпы Шал ақын ауданының шаруалары биыл 186 мың гектар жерге бидай сіңірген екен. Бүгіндері соның 75 пайызында егін орылса, 137 мың гектары бастырылыпты. Ал, астық шығымдылығы гектарына 17,4 центнерден айналуда.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

FLEX БАҒДАРЛАМАСЫ АМЕРИКАДА ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
15:00, 23 мамыр 2018
FLEX БАҒДАРЛАМАСЫ АМЕРИКАДА ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
Толығырақ...
ПАВЕЛ ЦЫБУЛИН: «QAZAQSTAN FIGHTER» ЖОБАСЫ СПОРТТАҒЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРДІ АШУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
12:41, 23 мамыр 2018
ПАВЕЛ ЦЫБУЛИН: «QAZAQSTAN FIGHTER» ЖОБАСЫ СПОРТТАҒЫ ЖАҢА ЕСІ...
Толығырақ...