ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

СОЯ АЛҚАБЫНЫҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЯДЫ

21:02, 4 наурыз 2019

Өңір диқандары биыл жалпы 4,3 млн га жерге егін сеппек. Оның бір миллон алқабына майлы дақылдар егіледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар 2,8 млн га жерге бидай себіледі. Жемшөптік дақылдардың көлемі азайытылады. Бірақ, соя егетін алқап ұлғаймақ. Диқандардың 2019 жылға дайындығын облыс әкімі Құмар Ақсақалов үлкен жиында пысықтады.

Алдағы көктемгі дала жұмыстарына диқандар тас-түйін дайын. Олар майлы дақылдардың алқабын жоспарға сәйкес 1 млн га-ға жеткізді. Ендігі кезек жемшөптік дақылдардың,бидайдың алқабын азайтып, оның орнына сояны екпек. Биыл бұршақ тұқымдас өсімдікті 10 мың   га жерге сепсе, келер жылы алқапты 150 мың га жеткізу көзделіп отыр. Ал, картоп, пен өзге де көкөністің танабы сол қалпында қалады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- БАҚ жариялап жатқандай картоп еккен кәсіпкерлер шығынға батқан жоқ деп ойлаймыз. Бастысы өнімнің бағасы қол жетімді болу керек. Себебі картоп-екінші нан. Сондықтан , егіс алқабының құрылымын өзгертпейміз. Қажет болып жатса,картоптың алқабын ұлғайтатын боламыз. Біз барлығын есептеп отырамыз. Сұраныс бар ма, жоқ па, бағасы қандай, қоймалардың санын бәрін ескереміз.

Қыс бойы жауған қар және әлі де түсетін жауын-шашынды ескерсек, жердегі ылғалы жеткілікті. Оған қоса синоптиктер сәуір, мамыр айлары суық әрі жауын-шашынды болады деп болжауда. Сондықтан осыны да ескере отырып, облыс әкімі шаруаларға әр күнді тиімді пайдалунға кеңес берді. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ерболат Бекшеновтің айтуынша биыл өңіріміздегі агроқұрлымдар 30 млрд теңгеге 1600 техниканы сатып алуды жоспарлапты. Қазірдің өзінде 183 техника алынған. Жанар-жағармай жағынан да тапшылық болмауы тіис.

Дәнді себу бір бөлек, оны баптап өсірудің өз машақаты бар. Бұл орайда минералды тыңайтқыштардың ролі зор деп отыр облыс жетекшісі.  Агроөндіріс кешенін цифрландыру бойынша да атқаратын шаруа көп. Әсіресе жайылымдар бойынша. Облыста тек Тайынша ауданы ғана жерлерін цифрландырып үлгеріпті.  Жиынды қортындылаған Құмар Ақсқалов егін егу науқаны басталған кезде аудандарды аралап, танап басына арнайы бартындығын айтты. Сонымен қатар, былтырлары кірісі төмен болған шаруа қожалықтарына да ат басын бұрамақ.  Ал жермен дұрыс жұмыс істемеген шаруалардың алқаптарын мемлекетке қайтару керектігін де еске салды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Мен тағы да қайталап айтамын, дұрыс жұмыс істей алмайтындар кетсін. Қашанға дейін төмен өнім алып отырасыңдар? Әрекет ету керек қой.Бір жыл өтті. Жерлерді қайтару бойынша қандай жұмыс істегендеріңді бақылайтын боламын. Бір-екі күнде аудандарды аралаймын. Әсіресе мәселелері  көп ауылдарға барамын. Халықпен кездесіп, өтініштерін тыңдаймын. Бір жылда не өзгергенін көремін.

Биылдыққа субсидия ұлғайтылды, техника алу үшін лизинг бар, жанар-жағармай бойынша мәселе туындамуы тиіс. Сондықтан да еңбек ету керек деді  өңір жеткешіісі.Сонымен бастысы сояның алқабы ұлғаяды, уақыт өте келе бидай мен жемшөп дақылдарының танаптары азаюы мүмкін.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...