ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БИЫЛ КАРТОП БАҒАСЫ АРЗАН Толығырақ

Тайынша ауданы Зеленый Гай селосындағы «Тайынша Астық» ЖШС өткен жылы заманауи мал бордақылау алаңын ашқан болатын

21:30, 17 мамыр 2016

Жаңа нысанның арқасында шаруашылықта асыл тұқымды бұқалар тәулік сайын 1600 грамм салмақ қосуда.

Етті  бағыттағы  малды  бордақылау алаңы «Тайынша-Астық» серіктестігінде осыдан үш жыл бұрын тұрғызылған. Ал, өткен жылдың соңында Зеленый Гай ауылында оның жаңасы ашылды. Бұл жерде  бір мезетте 3 мың бас  ірі қара малды семіртуге  болады. 

Алаңда  құрылыс жұмыстары әлі де жүргізілуде. Серіктестік тұрғындардан ірі қараның төлдерін сатып алып, үйірден бұқалар әкеп қосуда. Әзірге, мұнда бар абердин-ангус, герефорд және қазақтың ақ бас сиырларының жалпы саны үш мыңға жетеді. Бір тана тәулік сайын 1600 салмақ қосады. Әрине, бұл мал өсірушілердің еңбегі мен    құнарлы  жем-азықтың арқасында.

Ал, Вишневка селосында 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы тұрғызылуда. Ірі жемдеу кешендері  әлемдік  стандарттарға сай ет өнімдерінің сапасын айтарлықтай жақсартуға жол ашады. Ірі қара мал жыл бойы семірту орнында тұрады. Шаруашылықта 500 бас абердин-ангус, герефорд және қазақтың ақ бас сиыры бар.

 

Фариза ЖАЗИТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
14:44, 15 ақпан 2019
«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
18:33, 15 ақпан 2019
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...