ШҰҒЫЛ! «НҰРЛЫ ЖЕР» БОЙЫНША ПӘТЕР АЛУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ 20-ТАМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ Толығырақ

Жамбыл ауданында жаңа дән тазалағыш, тұқым әзірлейтін кешен іске қосылды

18:03, 30 қыркүйек 2016

Жамбыл ауданы Благовещенка селосында жаңа заман талабына сай дән тазалағыш кешен іске қосылып отыр. Қуаттылығы жоғары нысанда, тұқым да әзірлеуге болады. Және де кешенді Қостанайлық «Агний» ЖШС салған.

«Атамекен Агро»ЖШС өздерінің ескі дән тазалғаш кешендерінің орнына, жаңасы салынғанына разы. Бір жаздың ішінде жаңа кешен тұрғызылып қана қоймай, толықтай іске қосылып отыр. Жаңа нысанды толығымен Қостанайлық Агний ЖШС тұрғызған. Бастан-аяқ жұмысты жүргізген серіктестік, дән тазалағыш және тұқым әзірлейтін кешенді құрал-жабдығын орнатып, тексеріп, қолданысқа беріп отыр.

Кешеннің ішіндегі жабдықтардың түгелі Ресей мен Белорусь елінен жеткізілген. Ал сырты отандық металл жабындысымен қапталған. Нарықта жүргендеріне 20 жыл толған Агний серіктестігі, өз құрылыс нысандарына кепілдік береді. Бір қызығы, мұндай кешенді олар еліміздің өзге өңірлерінде де салып келген.Алайда, біздің солтүстік қазақстанның диқандарынан тапсырыс әлі аз екен. Биылғы жылы Жамбыл ауданындағы екі елді-мекенде құрылыс жүргізіліпті. Кешенге тапсырыс берген кәсіпорындардың бірі Атамекен Агро. Майлы және дәнді, бұршақ дақылдарын егетін серіктестік үшін, бұл үлкен жетістік болып отыр.

Дәнді тек тазалап қана қоймай, әрі тұқымды да әзірлейтін кешен, серіктестік үшін өте тиімді. Тұқымды тек өздеріне ғана емес, өзгелері үшін де дайындап саудаға шығаруға болады.Ал, жаңа дән тазалағыш және тұқым әзірлейтін кешеннің 6 бункері бар. Олар жаңа шығарылған биік Камаздарға арналып орнатылған.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА 32 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЙЫЛДЫ
20:44, 1 тамыз 2018
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА 32 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ІҢКӘР ЖҮРЕК»  ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
20:30, 14 тамыз 2018
«ІҢКӘР ЖҮРЕК» ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Толығырақ...
РОБОТ ҚҰРАСТЫРУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
21:00, 16 тамыз 2018
РОБОТ ҚҰРАСТЫРУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ 7-ШІ ӘЙЕЛДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
13:35, 13 тамыз 2018
Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ 7-ШІ ӘЙЕЛДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ӨТ...
Толығырақ...