ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЖАЗҒЫ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ

14:57, 12 маусым 2019

Көктемгі егіс науқаны аяқталса да, жерден ырзық несібесін тапқан аграрийлер дала жұмыстарын жалғастыруда. Жақсы өнім алу үшін дәнді жерге сіңіру жеткіліксіз. Диқандар қазір техникаларын жөндеуден өткізіп, жерді минералды тыңайтқыштармен өңдеуде.  Айта кету қажет, биыл Қызылжар ауданындағы егістік алқабы 200 мың гектарды құрап отыр. Жергілікті фермерлер оған 18 мың тонна дән еккен.

«Север Жарыс» агроқұрылымы дәнді және майлы дақылдарды өсірумен айналысады. Биыл көктемгі егіс науқанына олар әдеттегіден ерте кіріскен. Ең алдымен майлы, кейін дәнді дақылдарды егіпті. Мол өнім алу үшін алқаптар минералды тыңайтқыштармен өңделді.

РУСЛАН ӨТЕБАЙ, ЖШС АГРОНОМЫ:

Биыл біз бидай, рапс, соя, бұршық сынды дақылдарды ектік.. Рапс 1000 гектар, арпа 1600 және соя 170 гектарды алып жатыр. 2 Барго кешені, 6 СЗС кешені жұмылдырылды.

Биыл агроқұрылым «Джон дир» маркалы жаңа техникалар сатып алыпты. Мұнда жұмысшылар екі ауысым бойынша еңбек етеді. Түнде жер химиялық өңдеуден өтеді. Азамат Сүндетов - бұл компанияда 4 жыл бойы механизатор болып жұмыс істейді.

АЗАМАТ СҮНДЕТОВ, МЕХАНИЗАТОР

Жақсы, сапалы өнім алу үшін биыл ауданға 7 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынған. Қазір оның бір бөлігі жерге сіңірілді.

АМАНЖОЛ СӘКЕНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі күні ауданның агроқұрылымдары 67 мың гектар жерге 4,9 мың тонна минералды тыңайтқыш септі. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасады. Көлік паркін жаңарту үшін алдағы уақытта 118 бірлік техника сатып алынады. Қазір оның 50 % орындалды.

Аудан сонымен қатар, «Солтүстік соясы» жобасына да қатысып жатыр.  Бүгінгі күні 5 ауыл шаруашылық құрылымы 380 гектар жерге соя еккен.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
17:55, 19 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Толығырақ...