ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

«ДОСТЫҚ КӨПІРІ» ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

18:09, 8 қараша 2018

Петропавлда Форум аясында екі елдің өнер ұжымдары қатысқан «Достық көпірі» атты гала-концерт өттіСҚО мен Омбы, Қорған, Түмен облыстарының әртістері халыққа өздерінің  үздік деген нөмірлерін ұсынды. Өнерпаздарды тамашалауға келген халықтың қарасы қалың болды.

Ресейдің хореографиялық және вокалдық өнер ұжымдары арнайы біздің көрермендер үшін өздерінің ең үздік деген нөмірлерін алып келген. Концерт барысында әртістер түрлі жанрда ән салып, мың бұралған бишілер  өз өнерлерін халық алдында паш етті. Солтүстікқазақстандық әнші-бишілер де сахна төрінен табылды.

ҚАЙЫРЛЫ ҒАФУРОВ, «СЕГІЗ СЕРІ» АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Қорған облысынан келген «Зауральск» баянистер триосы да өздерінің халықтың сұранысына ие болған үздік деген  нөмірлерін ұсынды. Трионың басқа өнер ұжымдарынан айырмашылығы ешқандай дирижердің сүйемелдеуінсіз өздері репертураларындағы әндерді орындап шығады. Өнер ұжымының Солтүстік өңіріне алғаш келуі.

ПЕТР БАБИН, «ЗАУРАЛЬСК» БАЯНИСТЕР ТРИОСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, ҚОРҒАН ОБЛЫСЫ:

- Біздің құрам 3-ақ кісіден тұрады, баянда ойнап өз өнерімізді Қызылжарлықтардың назарына ұсынатын боламыз. Біз жалпы Қазақстанның Алматы, Астана қалаларында гастрольдік сапарда болғанбыз. Енді міне форум аясында Петропавлға да келіп отырымыз.

Омбы облысынан  келген мемлекеттік академиялық хоры мен ерлер балет ұжымы, Түмендік  «Санрайз» вокалдық тобы  және Қорғаннан келген баянистер триосының өнерлеріне халық риза болды. Бірер сағатқа созылған шара барысында 200-ден астам өнерпаз сахнаның көркін кіргізіп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ресейлік өнер ұжымдарының айтуынша, қызылжарлық көрермен әртістерді зор қошеметпен қарсы алды. Ендеше, бұл өнерпаздардың облысқа соңғы сапары емес.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
14:37, 12 қараша 2018
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...