ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

18:00, 9 қараша 2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Петропавлда облыс жұртшылығымен кездесіп, өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың есебін тыңдады. Құмар Іргебайұлының айтуынша, экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша айтарлықтай өсім бар. Соңғы 9 айдың ішінде облыс экономикасы 105,3 пайызға өскен. Құрылыс жұмыстарының мөлшері 40 пайызға артты. Нұрсұлтан Назарбаев облыста өңіраралық ынтымақтастық форумына әзірлік аясында аймақты дамыту бағдарламасының тиімді іске асырылып жатқанын атап өтті.

СҚО аграрлы аймақ, сондықтан да еліміздің және облыстың экономикасын көтеруде ауыл шаруашылығы саласы басты рөлдердің бірін атқарады. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзінше бұл салаға тартылған инвестиция көлемі 60 млрд. теңге, бұл былтырмен салыстырғанда 11 пайызға артық. Яғни, еліміз бойынша ауыл шаруашылығына құйылған инвестицияның 25 пайызы СҚО-на тиесілі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВСОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Орақ науқаны аяқталып, гектарына 19 центнерден өнім алдық. Егін алқаптарын әртараптандыру жұмысы жалғасып жатыр. 2 жылда майлы дақылдар алқабын екі есеге өсірдік. Егер 2016 жылы 500 мың гектар болса, биыл 976 мың гектар. Бұл экспортқа қолайлы өнім түрі және майлы дақылдардың бәрін шетелге жіберу үшін келісім жасалды.

Сондай-ақ Құмар Іргебайұлы өндіріс саласы бойынша да Елбасына есеп берді. Бұл сала 9 айда 180 млрд. теңге табыс әкелсе, жыл соңына дейін 250 млрд.қа дейін жеткізу көзделуде. Бұл орайда облыстағы экспорт көлемі 23 пайызға өсіп, импорт 11 пайызға төмендеген.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВСОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Сіз Жолдауда импортты азайтуды тапсырдыңыз. Біз бұл бағытта жеке индустриалды аумақ жобасын іске асырып жатырмыз. 6 гектар жерде 14 кәсіпорын жұмыс істеп, 40 түрлі өнім шығарады. Бұған қажетті инвестиция 30 млрд. теңге және өнімнің 50 пайызын Ресейге экспорттаймыз. Енді осы күнге дейін Қытайдан әкеліп жүрген тауарларды өзіміз шығара аламыз, осыны қолға алып жатырмыз. Биыл Швейцариямен бірлескен жобамызда Петропавлда 29 комбайн жинадық, келесі жылы 100 комбайн шығарамыз. Жоспар бойынша жылына 300 техника шығаруымыз керек.

Сонымен қатар, «ЗИКСТО» зауытында жаңа вагон шығаратын кәсіпорын ашамыз. Қажетті инвестиция 30 млрд. теңге шамасында, Қазақстан даму банкі жобамызды мақұлдады, құжаттар дайын, көктемнен бастап құрылысқа кірісеміз деді өңір басшысы. Жоба бойынша жылына 5 мың вагон шығаратын кәсіпорын, ел ішіндегі сұраныстың біраз бөлігін жабады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Кезекті Жолдауыңызда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін созуды тапсырдыңыз. Бұл бойынша тек біздің облыста 2,7 есеге қаржыландыру көрсеткіші артады. Яғни шығаратын өнім көлемі  20 пайызға, бюджетке түсетін салық 15 пайызға, жұмыспен қамтылғандар саны 28 пайызға өседі. 2 жыл бұрын 1000 баспана қолданысқа берсек, былтыр 1350, ал биыл 1600 пәтер халыққа беріледі. Яғни 6000-нан астам солтүстікқазақстандық баспаналы болады. Ең төменгі айлық көлемінің өсуі бойынша 43 мың бюджеттік, 101 мың бизнес өкілдерінің жұмысшыларының жалақысы өседі.

Құмар Іргебайұлының сөзінше Үкімет 3 жылда СҚО-на 139 млрд. теңге бөлмек, бұл қаражатқа облыстағы барлық білім беру, денсаулық сақтау нысандары жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, заманауи жаңа аурухана мен студенттерге жаңа корпустың құрылысы да осы жоспарға енгізіліп отыр. 1700 шақырым жол жөнделеді, 96 ауылға су беріледі.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Петропавл қаласы бойынша біраз өзгерістерді байқадым, экономикалық көрсеткіштер де жақсы, өсі қарқыны республикалық деңгейден жоғары. Бірақ Сіздер аграрлы аймақсыздар, ең алдымен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға көңіл бөлу керек. Ондағы көрсеткіш төмен, ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемін 2 есеге арттыруды тапсырған едім, бұл тікелей Сіздердің облыстарыңызға қатысты. Қалай көтеру керек, тек қайта өңдеу арқылы.

Сондай-ақ Елбасы жаңа комбайндардың сапасына мән беріп, өнімділігі жоғары техниканың санын арттыруды тапсырды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Түбінде Қазақстанда біз бір комбайнға шығуымыз керек. Неше түрлі комбайн жасамай сол Классты алатын болсақ, осымен ауыл шаруашылығын қамтамасыз етсек, ремонты да дұрыс болады, бір комбайн істеген дұрыс болады.

Одан соң Мемлекет басшысы облыстыҢ құрметті азаматтарымен, қоғам қайраткерлерімен кездесіп, мемлекеттік бағдарламалар мен Жолдау жайында әңгімелесті.

БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Өнеріміз қарыштап келеді, барлығы Тәуелсіздіктің жемісі ғой. Үлкен құндылығымыз, үлкен байлығымыз, өнеріміз үлкен халықаралық деңгейге көтеріліп жатыр.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Шекарада тұрған қала, шекарада тұрған облыс жағдайын жасау үшін. Жол, баспана, мектептер салып жатырмыз. Айтпақшы Сіздерде 3 ауысымды мектеп бар, оны екі ауысымға ауыстыру керек.

Елбасы жиын соңында тағы бір рет, Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы дамыған өңір екенін айтып, өндіріс көлемін арттыруға назар аударуды тапсырды.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...