ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ КИНОСЫНЫҢ КҮНДЕРІ

18:07, 8 қараша 2018

Петропавлда Форум аясында жергілікті кинотеатрлардың бірінде Қазақстан мен Ресей киносы күндерінің ашылу салтанаты өтті. 3 күн бойы қызылжарлықтар мен қала қонақтары Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен көрші мемлекеттің киностудиясымен бірлесе шығарған «Анаға апарар жол», «Жаңғақ ағашы», «28 Панфиловшы», «Оралман» және «Әміре» деген үздік көркем фильмдерді тегін көре алады.

Залда ине шаншар орын жоқ. Сахна төрінде сөз сөйлеген жерлесіміз 71-ші Кан фестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова бұл шараның маңыздылығына тоқталып, барша жұртшылықты Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының 15-ші форумымен құттықтады.

САМАЛ ЕСЛЯМОВА, 71-ШІ КАН ФЕСТИВАЛІНІҢ ҮЗДІК АКТРИСАСЫ

Отандық киноларды тамашалауға келгендердің арасында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенттері де бар.

Жалпы ұйымдастарушыларға рахмет. Ресей және Қазақстан кинолары түсірген кинолары ұнап жатыр. Бұдан алдыңғы кинолар да жақсы болды.

Көңіл күйім керемет. Достарыммен бірге «Әміре» киносын көруге келдік. Жалпы осындай шаралар көп болсын. Қуаныштымыз.

Париж сахнасынан ән шырқаған еліміздің біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың өміренен сыр шертетін «Әміре» кинотуындысы көрермен көңілінен шықты. Биыл бұл көркем фильмі Лос-Анджелес қаласында өткен "Hollywood Film Festival" кинофестивалінің бірінші кезеңінде «Silver Screen Award» жүлдесіне ие болып үздік атанған болатын.

Айта кеткен жөн, Қазақстан мен Ресей киносының күндері қарашаның 10-на дейін жалғасады. Кіру тегін. Келем деушілерге есік ашық.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...