ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

ОБЪЕКТИВТЕ ПЕТРОПАВЛ

21:28, 7 қараша 2018

Форум аясында өтетін іс шараларды ақпараттандыру  мақсатында Петропавлға қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері келіп жатыр. Микрофон және қалам шеберлері Солтүстік Қазақстан облысының орталығы жайында қандай  материалдар беріп, оқырмандары мен көрермендеріне  не ұсынатынын арна тілшілеріміз анықтап қайтты.

Петропавлға БАҚ өкілдерінің алғашқылары болып, «Мир» арнасының түсіру тобы келді. Бір айта кететіні, тілші Гүлмира Жанұзақова осы өңірдің тумасы, еңбек жолын облыстық телеарнада бастаған білікті маман.Маңызды шараға тыңғылықты дайындық жүргізілгенін бірден байқадым дейді ол.    

ГҮЛМИРА ЖАНҰЗАҚОВА, «МИР» МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ТЕЛЕРАДИОАРНАНЫҢ ТІЛШІСІ:

- Форум туған қаламда өткізілетінін естігенде қуандым. Бас қалаға көшіп кеткенімен 10 жыл болды. Осы аралықта Петропавл қатты өзгерді. Жаңа нысандар пайда болып, жолдар жөнделді, байырғы ғимараттарды күрделі жөнделіпті. Петропавл қаласының, жалпы облыстың жетістіктері жайында айтар жаңалық көп.  9-ы күні тікелей эфирге шығып, 24 елге хабар таратамыз.

Мир арнасы жұмысын  26 жыл бұрын бастаған,  Тәуелсіздігіміздің құрдасы. Хабарын ТМД елдеріне 24 сағат бойы, 4 сағаттық белдеуде таратады. Жұмыс сапарымен келген журналистер жергілікті тұрғындармен тілдесіп, Петропавл туралы бірнеше материал әзірлеуге кірісті.      

САХИТЖАН ҚУАНЫШБАЕВ, «МИР» МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ТЕЛЕРАДИОАРНАНЫҢ БЕЙНЕОПЕРАТОРЫ:

- Керемет, кеше бізді күтіп алды ішкі саясат, Бүкіл айтқанымызды бір-екі сағаттың ішінде шешті.Объектілерге барып түсірдік, эксклюзив материалдарды да түсіріп алдық... Форумға дайындықты түсірдік, бүгінгі күн кәсіпорындармен байланысты. 

Ресейлік БАҚ өкілдері Петропавлға бүгін-ертең келіп орналаспақ. Олар оқушылар сарайында өткізілетін панельді отырыстарда, теннис орталығында ұйымдастырылатын көрмеде, зауыттарда және Форумның тағы басқа іс шараларында жұмыс істейді.   

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Шаһарға қос мемлекеттен 200-ге жуық БАҚ өкілдері жиналады. Делегаттардың саны 600 деп  күтілуде. Оқушылар сарайындағы пленарлы отырыста көтерілетін басты тақырып туризмді дамыту. Оған екі мемлекеттің басшылары қатысады.

БАҚ - халықтың ойын қалыптастыратын бірден бір құралы. Сондықтан тарихта қалатын маңызды оқиғаны өз көзімен көріп, әсерлерін халыққа тарататын журналистердің рөлі Форумда ерекше.    

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
14:37, 12 қараша 2018
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...