ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ РӨЛІ

18:01, 8 қараша 2018

Форум аясында ресейлік делегаттардың қатысуымен «Туризм саласын дамытудағы кәсіпкерліктің рөлі» атты Ресей-Қазақстан іскерлік кеңесі өтті. Отырыс барысында шекарасыз туризм-бірыңғай туристік кеңістік құру, туризмді дамытудағы цифрлы технологиялар, өндірістік туризм секілді мәселелер ортақ талқыға салынды.

Панельді отырыста бас қосқан екі мемлекеттен кәсіпкерліктің, туризмнің, іскерлік кеңестің өкілдері туризмді дамытудың перспективалық бағыттары, трансшекаралық бағыттар, туризмге инвестиция құю, туризмнің дамуындағы кедергілерді жою секілді маңызды мәселелерді талқылады. Қазақстан ресейліктер саяхаттайтын үштікке кіреді.

РАШИД КҮЗЕМБАЕВ, «ҚАЗАҚ ТУРИЗМ» ҰҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Статистикаға сүйенсек өткен жылы Қазақстанға 1 млн 700 мың Ресейлік турист келген. Өткен жылдың наурыз айында біз Мәскеуде өткен халықаралық туристік көрмеге қатысқан болатынбызОнда біз шытырманға толы әрі қызықты бағдарламалары бар белсенді демалыс түрлерін таныстырып, жаңа тың жобаларды ұсындық. Жалпы айтқанда болашақта бірлесіп атқаратын жұмыс өте көп деп айта аламынСонымен қатар басты мәселе ол көлікке қолжетімділік болып табыладыРесей мен Қазақстан қалаларының арасында тікелей байланыс орнату мәселесін шешу

Ал Новосібір облысынан келген мейман өз өңірлерінің туристік әлеуеті жайлы айтты. Қонақтардың айтуынша Петропавл мен Новосібірдің табиғаты, климаты, дәстүрлері мен тіпті мерекелерінің ортақ ұқсастықтары өте көп. Қос мемлекеттің азаматтары өзара тез тіл табыса, ортақ қызуғышылқтар таба алатындықтан олар қазақстандық туристерге қызыққа толы әрі қолжетімді демалыс бағыттарын ұсынады.

НИКОЛАЙ СИМОНОВНОВОСІБІР ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП, САУДА-САТТЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МИНИСТРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Новосібір облысының Ресей  аумағында лайықты орыны бар. Біз қонақтарымызға қызықты әрі жаңа демалыс бағыттарын ұсынамыз. Сонымен қатар Новосібір облысы Павлодар қаласымен шекаралас. Павлодар қаласымен ынтымақтастық жайлы келісіміміз барКөп жылдан бері мәдени, сауда-саттық салада бірге жұмыс істеудеміз. Біздің тұрғындар сіздердің сүт, көкөніс секілді өнімдеріңізді тұтынады.

Форумда медициналық туризмнің де дамуы сөз етілді. Еліміздегі ең үздік шипажайлардың бірі Оқжетпес-Бурабай санаторийін білмейтін Қазақстандық жоқ шығар. Алайда ресейліктердің көбі Есентукки қаласында да демалу үшін барлық жағдай жасалғанын біле бермейді. Қайрат Беркінбаевтың айтуынша бұл форум Ресеймен қарым-қатынасты күшейтуге, бұрыңғыдан да жақынырақ бола түсуге, өзара тәжрибе алмасуға көптеген мүмкіндіктер береді.

ҚАЙРАТ БЕРКІНБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ОҚЖЕТПЕС» ЕСК» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

Президент іс басқармасының ішінде медициналық орталық 3 санаториясы бар. Оқжетпес, Оқжетпес-Бурабай, Алматы және Ресейдегі Есентукки. Осы 3 санаторияның қандай дәрежеде екндігі, қандай қызметтер көрсететіндігі жайлы біздің қызметкерлеріміз осы форумда жұмыс жасап жатырмыз. Себебі медицина саласы дамып жатыр.

Көрмеге келушілер халық тұтынатын тауарлар көрмесін де тамашалады.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- Мына бір қайын мен емен ағашынан жасалған үстел сағатын бізідң облысқа осы форумға арнайы Қостанай облысының қол өнер шеберлерінің қоры алып келіп отыр. Ертең бұл сағатты екі мемлекеттің елбасылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинге таныстырылатын болады.

АЙДАР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бұл сағатты жасауға кем дегенде жарты жыл кетті. Бізде Қостанайдағы Николай Рудин деген шебер бар. Ол бізде Қазақстанда осындай сағаттар жасайтын тек жалғыз шебер. Тағы да қабырғаға ілетін үлкендері де бар.

Туризм саласының дамуы мемлекетіміздің экономикасына оң серпіліс бермек. Сол себепті іс-шараға қатысушылар маңызды оқиға Қазақстан мен Ресейдің осы саладағы жаңа мүмкіндіктерін ашатындығына сенімдері мол.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
14:37, 12 қараша 2018
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...