ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

17:56, 8 қараша 2018

Петропавлда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық форумы басталды. Көпшілік назары еліміздің солтүстігінде орналасқан көне шаһарПетропавлға ауды. Форумның ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен Ресей делегаттары қатысты. Тілшіміз Самат Сапаралы жалғастырады.

«Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудағы жаңа амалдар мен үрдістер». Бұл екі ел арасындағы дәстүрлі XV форумның тақырыбы. Қазақстан мен Ресейдің ауызбіршілігі, көршілік бейбіт қарым-қатынасы өзге елдерге үлгі болары сөзсіз. Туризм - осы күнге дейін де екі мемлекетті байланыстырып отырған маңызды экономикалық көпір саналады, сондықтан да Қызылжар төріндегі шарадан соң бұл  сала одан әрі дами түспек.

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

- Бүгін шын мәнінде маңызды жаңалықтың куәсі болып отырмыз. Бұл шара - Қазақстан мен Ресей арасындағы көршілік, достық қарым-қатынастың айқын көрінісі.  Бүкіл әлемге Қазақстан мен Ресей – экономика, геосаясат тағы басқа салаларда  ынтымақтастықтың бірегей мысалын көрсетіп отыр. Форумға қатысушылардың барлығына алғысым шексіз

Екі елдің Мемлекет басшылары қатысатын ауқымды шара Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сондықтан да келелі кездесу барысында туризмді дамыту және алға жылжытудың озық тәжірибесімен алмасуға, туристік индустрияға инвестициялардың келуін ынталандыруға баса назар аударылмақ.

ОЛЕГ САФОНОВ, РФ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТУРИЗМ ЖӨНІНДЕГІ «РОСТУРИЗМ» АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Сіздердің қонақжайлықтарыңызға алғысым шексіз. Бұл форумда біз екі елді байланыстырып отырған туризм туралы айтамыз. Оның бірегейлігі де осы. Біздің қарым-қатынасымыз – стратегиялақ сипатқа ие. Экономикалық, достық байланысты дамытуда туризмге ерекше мән беріліп отырғандығы қуантады. Туризм – халық шаруашылығының 53 бағытының дамуына ықпал етеді.

Мамандардың сөзінше жыл сайын 3,5 миллион қазақстандық Ресейге демалуға барса, осыншама Ресей азаматы Қазақстанға саяхат жасайды. Бұл көрсеткіштер ұдайы өсіп отыруы керек. Себебі бізде туризмді дамытудың барлық мүмкіндіктері бар, - дейді ресейлік меймандар. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұл бағытта өңірде бірқатар жобалардың іске асырылып жатқанын айтты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біздің облыс үшін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу – зор мәртебе. Біздің өңірде талайды таңқалдыратын орындар бар. Мәселен, Шалқар-Имантау курорттық аймағы. Бізде емдік қасиеті жоғары екі көл бар. Шалқар көлінің суы – теңіз суының құрамына өте ұқсас. Екіншісі – Меңкесер көлі. Оны Израильдегі Өлі теңіз суымен салыстыруға болады. Біз солтүстікке келетін туристердің санын, әсіресе Ресей туристерін арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бізді ортақ тарих, ортақ құндылықтар біріктіреді.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен РФ Мәдениет министрлігінің «Ростуризм» туризм жөніндегі агенттігінің басшысы Олег Сафонов Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық интымақтастық форумын ашық деп жариялап, лентасын қиды.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
14:37, 12 қараша 2018
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...