ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

55 солтүстікқазақстандық Кеңес одағы батырларының есімі «Қазақстандықтар – Ұлы жеңістің батырлары» атты кітапқа енгізілді

18:10, 12 мамыр 2016

Жеңістің 71 жылдығына арналып шыққан туындының тұсау кесері «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтті. Екі томдық туынды біздің өңірге 10 дана болып жеткізілді.

«Қазақстандықтар – Ұлы жеңістің батырлары». 2-ші дүниежүзілік соғыстың 71-жылдығына арналып шыққан жаңа туынды осылай аталады. Ел басынан күн туғанда Отанын, жерін қорғауға шығып ерлік көрсеткен Қазақстандық жауынгерлердің 615-сі ең жоғары марапатқа ие болып, Кеңес одағының батыры атанды. Олардың 55 солтүстікқазақстандықтар.  Туындының тұсау кесеріне келген ардагерлерді жастар гүл шоқтарымен қарсы алды.

Кітаптың жарық көруіне біздің бірқатар мамандар да ат салысты. Облыстық мемлекеттік мұрағат  үлкен ізденіс жасап, Кеңес Одағының батыры атанған  55 солтүстікқазақстандықтың өмірбаяны мен ерлігі туралы материалдарды жіберген.

Жинаған материалдардың барлығы орыс тілінде болғандықтан кітаптың бірінші нұсқасы да орысша шықты. Қазір қазақ тіліне аудару үшін дайындық жүргізіліп жатыр. Кейін ағылшын тілінде басып шығару жоспарда бар.  Солтүстік өңірге туындының 10 данасы жіберілді.

 

Әсел ОРАЗБАЕВА


 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...