ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

Айыртау ауданының әкімі Ағзам Тастеміров соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады

13:45, 11 мамыр 2016

Аудан орталығында өткен салатанатты шараға қатыса алмаған қарттарға әкім осылайша ілтипат көрсетті.

Бүгінгі күні Айыртау ауданында небары 6 соғыс ардагері ғана қалған. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан қарттардың бәрі де Жеңіс күнін көппен бірге тойлай алмады. Олардың үйіне аудан әкімі Ағзам Тастеміров арнайы барып, құттықтап өтті. Гүл шоқтары, азық-түлік пакетін табыстап, хал-жағдайдарын сұрастырды.

Соғыс ардагері өз кезегінде аудан басшысына да алғысын білдірді. Өткенге көз жүгіртсек  Константин Ильич 1943 жылы майданға аттанып, пулеметші болып, жауға оқты қардай боратқан. Араға 1 жыл салып, жарақаттанып, қырғыз еліндегі госпитальге жатқызылған.

Одан соң Ағзам Ахметжанұлы тыл еңбеккері Қауия Төлегенованың шаңырағына ат басын бұрды. Өйткені аласапыран заманда майданға азық-түлік жіберіп, қара жұмысқа салынған еңбеккерлердің де Жеңіске қосқан үлесі зор.

Қауия апа әкесі соғысқа кеткен уақытта анасы және екі ағасымен қалған,қол қуысырып отырмай егін егу жұмыстарына қатысыпты. Таршылық заманнан тарықпай төзе білген кейуана ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере, шөберенің қызығын көріп отыр.

Бұл күні аудан басшылығынан бөлек Қауия апаны алыстан ұл-қыздары, немерелері де арнайы құттықтай келіпті. Үлкен отбасының бір шаңыраққа жиналғанына тыл еңбеккері де дән риза.

 

Самат САПАРАЛЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...