ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

20:32, 3 мамыр 2018

Биыл Ұлы Жеңіске 73 жыл толып отыр. Осыған орай, Иван Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада жастар  тыл еңбеккерлерімен жүздесіп, әскери өмір жайлы әңгіме тыңдауға мүмкіндік алды. Кездесу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Есімдер арқылы бейнеленетін қала» жобасы аясында ұйымдастарылды.

Иван Шухов атындағы орталық кітапханада оқушылар мен жастарға тыл еңбеккерлерімен кездесудің сәті түсті. Ардагерлер жиналғандарға сол жылдарда көрген қиыншылықтары туралы айтып берді. Тілек Әбдірахманов соғысқа қатыспасам да, ұжымшарда таңның атысы мен күннің батысына дейін талмай еңбек еттік дейді.

ТІЛЕК ӘБДІРАХМАНОВ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ:

Ол кезде үкімет пен партияның ұраны болды.Бүкіл еңбек. Жасалатын іс-қимылдың бәрі жеңіс үшін отанды қорғау үшін соның аясында шамамыз келгенше жұмыс істедік ерте есейдік. 8 жасымда колхозда жұмыс істедім. Мен ол кезде Маңғұл деген ауылда болдым. Жалпы халықтың тұрмысы өте ауыр жағдайда өтті. Қиын болды. Ал көлік жағдайы техника жағдайы жетіспейтін ол кезде.

Кездесуде жастар аға ұрпақ өкілдерін Ұлы Жеңістің 73-жылдығымен құттықтап, бейбіт өмір тарту еткен жандарға  алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар, шара барысында ардагерлердің бірі  соғыс жайлы өлең  оқып, сол бір сұрапыл жылдарды еске түсірді.

ҚОНЫСБАЙ ОМАР, ТЖД ЖАНЫНДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ МЕКТЕБІНІҢ КУРСАНТЫ:

- Осындай шаралар көп өткізілсе деймін. Мұндай шаралар жастарға көптеген үлгі өнеге көрсетеді. Өзіміздің бұрынғы аталарымыздың ел үшін, жер үшін қалай шайқасқандарын және ерліктері туралы көбірек білеміз.

Шара соңында жиналғандар тыл еңбеккерлерімен  естелік суретке түсті.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, тыл еңбеккерлері, ардагерлер, кездесу

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...