ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

Ардагерлерді ардақтайық

13:35, 8 ақпан 2016

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Ардагерлерді ардақтайық» республикалық акциясы аясында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері соғыс ардагерлеріне жәрдемдесуде.

Екінші дүниежүзілік  соғыстың ардагері, 90 жастағы Рауф Рамазанұлының үйінде  бүгін ерекше қонақтар. Үй иесіне олар таныс. Себебі, қоғам белсенділері ардагерге жиі көмекке келіп тұрады.  Жеке тұрғын үй    болғандықтан шаруа бастан асады. Бұл жолы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері шатырдағы және ауладағы қарды тазартуға келіпті. 

Жастар қанатының белсенділері ардагерлермен жиі кездесіп, оларға үнемі көмек береді. Жастар  түрлі шаруаларды атқарып қана қоймай, аға ұрпақ өкілдерінің ихал-жағдайларын сұрастырып, әңгімелеседі.

Қарияның әлі жетпеген жұмысты, жастар лезде  орындап шықты. 1 сағаттың ішінде олар төбені мұздан, ауланы қардан тазартып үлгерді. Бұдан басқа жастар қанатының  мүшелері тағы    9   соғыс ардагеріне жәрдемдеспек.

 

Лаура ТӘЛІПОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...