ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ - ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

21:12, 5 мамыр 2018

Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысып, Отанын жаудан қорғаған ардагерлердің бірі - Алексей Физов. Ол соғыс жылдарынан кейін М.Жұмабаев аудандық «Вести» газетінде қызмет еткен. Бүгінде 96 жасқа келген қарияның денсаулығы сыр беріп, облыс орталығындағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр. М.Жұмабаев ауданының тумасын аудан әкімінің орынбасары мен аудандық газеттің редакторы құттықтады. Ардагердің көңілін әріптесім Әсел Оразбаева да сұрап қайтты.

Алексей Савельевич Физовтің өмірінде 22 маусым - ерекше дата. Осы күні 1922 жылы ол бұрынғы Булаев ауданының Раев селосында дүниеге келді. 2-ші Дүниежүзілік соғыс 1941 жылдың 22 маусымында басталды. Әскерге де өз еркімен  22 маусымда аттанды. 

ЛЮАЛЕКСЕЙ ФИЗОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

- Дивизия Ақмолада құрылды. Донда алғаш рет барлауға барғанда бірінші рет  неміс әскеріне тап болдық. Жасы менен үлкен қатарлас жауынгерлер жауға қарсы шықты. Соғыс деген өте қорқынышты. Келер ұрпақ біз көргенді көрмесін. 

Жерлесіміз дивизия құрамында Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысты. 1942 жылы 20 жастағы жігіт жау қолынан қатты жарақат алды. Сол сұрапыл жылдарды  Алексей Савельевич көп уақыт өтсе де еш ұмытқан емес. Кейін мектепте тарихтан сабақ берген кезде де оқушыларға өзі куә болған оқиғаларды айтып отыратын. Естеліктері аудандық «Вести»газетінде жарық көрді.

НЕЛЯ ГОНЧАР, М. ЖҰМАБАЕВ АУДАНДЫҚ «ВЕСТИ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

- Алексей Савельевич аудандық газетте штаттан тыс тілші болып көп жыл еңбек етті.Ол мықты тарихшы, әрі  өлкетанушы. Полудин селолық округына қарасты туған Раевка селосы жайында көп жазған. Жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесінЕ қосқан үлесі шексіз. Бүгін ардагердің есімі ауданда  құрметке ие.

Ардагердің қал жағдайын білуге келген жерлестері оған тарту-таралғыларын беріп, ақсақалға ұзақ ғұмыр мен денсаулық тіледі.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
20:11, 9 мамыр 2019
НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...