ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

20:34, 3 мамыр 2019

Петропавлда ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді. СҚО рестораторлар мен Ательерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен өңірдегі 15  майдангерге мерекелік дастархан жайылды. Шара барысында қала өнерпаздары майдангерлерге арнап  концерттік бағдарлама ұсынды.

Бүгінгі таңда облыста 82 ардагер мен 3457 тыл еңбеккерлері тұрады. Алайда  олардың тек қана санаулысы жүріп-тұруға жарамды. Кездесуге келген ардагерлер бір-бірін  көріп, кейбіреулері көздеріне жаста алды. 

АНДРЕЙ ФРОЛОВ,  СҚО РЕСТОРАТОРЛАР МЕН АТЕЛЬЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

- Біз бүгін ардагерлерімізге дәм татқызып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. бізге осындай бейбіт күн әкелген оларға алғысымыз шексіз. Әрқашан біздің қауымдастық батырларды назардан тыс қалдырмайды.  

Мерекелік дастарханнан дәм татуға келген майдангерлердің бірі Петр Гладков. 17 жасында әскерге шақырылып, бірінші украиналық майданда болыпты. 1943 жылы ауыр жарақаттанып, елге 2 топтағы мүгедек болып оралған. Қазір денсаулығы нашар, алайда, шақырған жерден қалмауға тырысады екен.

ПЕТР ГЛАДКОВ, АРДАГЕР:

- Соғыстың аяқталғанына міне 74 жыл толып отыр. Қазір еліміз қатты көркейіп, даму үстінде. Біздің жас кезімізде өте қиын заман болды. Біз көрген тауқыметті қазіргі жастар басынан өткермей, тек қана тыныш бейбіт елде өмір сүрсін деймін.

Шара барысында бір бірін көптен көрмеген ардагерлер әңгіме дүкен құрып, мауқын басты. Өңір өнерпаздары патриоттық әндер орындар,  батырларымызға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 25 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...