ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

АРДАҚТЫ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

14:37, 4 мамыр 2018

Солтүстік Қазақстан облысында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 110 майдангердің көзі тірі. Соның бірі Есіл ауданының Тауағаш ауылының тумасы Қожатай Некібаев. Жеңіс күні қарсаңында Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен медицина саласының мамандары ардагердің қал жағдайларын біліп, шағын сыйлықтарын тарту етті.

Жеңіс күні мерекесінің қарсаңында облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, денсаулық сақтау басқармасы мен медицина ұйымдарының қызметкерлері бірлесіп, «Адалдық күні» акциясын өткізді. Оның барысында соғыс ардагері Қожатай Некібаевқа азық-түлік пакетін табыстады. 

2-ші Дүниежүзілік соғыс басталған кезде Қожатай Некібаев небары 16-да еді.  Кеше ғана ойнап жүрген балаға әскерге шақыру хаты келеді.  Ауылдан онымен бірге 6 бала бірге майданға аттанды. Сол қыстың қаһарлы күндері  Қожатай атаның есінде ұсақ түйегіне дейін есте қалған.

ҚОЖАТАЙ НЕКІБАЕВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

- Бурятияның жеріне барып, 15-20 км жерде военный городок бар екен, соғын апарып түсірді. Барсақ, онда 386 атқыштар полкі  бар екен.Сол полктің казармада болды. Бізді карантинге жапты. Жаңа келгендерден қайда барасын рядовой, офицерлік оқуға, сапер, танкист боласын ба деп сұрады. Стройға тұрғызып күнде сұрайды. Пехота стрелок болам бітті.  

Жауынгер Некібаев соғыс жылдары Украинаның бірнеше қаласын  фашистерден азат етіп, Венгриядағы ұрыстарға қатысты. Әскер қатарында Польша, Румыниядан өтті.

ҚОЖАТАЙ НЕКІБАЕВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

- Венгрияның бірнеше қалаларынан өтіп, сондан бір қаладан ірі өндіріс ошағы екен, соны алдық. Шамасы 20 күн соғыстық. Астанасы Будапешті 3 ай 15 күнде зорға алдық. Күллі күштің бәрін соларға жұмсап Будапешті босаттық. Кейін бірнеше Белорус майдандарында болдық. 

Қожатай ата көптен күткен жеңіске жеткендері туралы хабарды естігенде көпке дейін сенбей жүргенін көзіне жас алып еске алады. Туған бауырдай болып кеткен майдандас жолдастарының біразы сол күнге дейін жетпей ұрыс алаңында қалды. Туған еліне оралған жас жауынгер Жамбыл ауданының Орталық ауылында мұғалім болып жұмыс істей бастады. 1948 жылы өмірлік жары Айша әжеймен отау құрды. Биыл олардың шаңырақ көтергендеріне тура 70 жыл толып отыр.

АЙША НЕКІБАЕВА, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ, АЛТЫН АЛҚА ИЕГЕРІ:

- Қосылғанымызға міне 70 жыл болды. Петропавлда 4 жыл оқып мұғалімдікке. Сол жерде 32 жыл қызмет істеді. Тұрмыс құрғанна кейін 10 бала болды. Атаның мінезі тышты. Еңбекқор өте. Бір балаға қатты айғайлап көрген емес. 

Қожатай ата Жеңіс үшін ұрыс даласында  күрессе, Айша әже тыл еңбеккері. Жастайынан ауыр жұмыс істеп, өздерінен жырып, қажеттінің барлығын майданға жіберіп отырды. 10 баланы өсіріп, жетілдірген әжей кеңес үкіметі кезінде батыр ана атанса, Тәуелсіздік жылдары Алтын алқа иеленді. Балаларының көбісі әке жолын қуып ұстаз етуде. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 200 жыл.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, ардагерлер, Жеңіс күні, Ұлы Отан соғысы, кездесу

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...