ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

АУЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА САРБАЗ БОТҚАСЫ ТАРАТЫЛДЫ

17:55, 8 мамыр 2019

Облыстағы мамандандырылған күзет басқармасы Назарбаев көшесі 209 мекен-жайының ауласындағы тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Погон таққан қызметкерлерден құралған арнайы топ патриоттық әндер айтып,  әскери тағамдарынан да дәм татқызды.

Қан майданда жауынгерге нәр беріп қайраты мен айбатын асырған дәл осы әскери тағамнан Петропавл тұрғындары да дәм татты. Бір тілім нан мен сарбаз ботқасын және тәттілерін ұсынған мамандандырылған күзет басқармасы мұндай шараны алғаш рет өткізіп отыр.

АЛМАЗ ӘБІШЕВ, СҚО 1 ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙІ:

- Бүгін біз Гашека көшесі мен Назарбаев көшесіндегі тұрғындарға, қала қонақтарына әскери түрдегі тамақ түрлерін көрсетіп жатырмыз. Алдағы жеңіс күні қарсаңында үлкен бір шара өткізіп жатырмыз. Барша солтүстікқазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын.

Аула тұрғындарына ұсынылған әскери тағам 1941-1945 жылдары сұрапыл соғыста  сарбаздарға дайындалған  далалық асханада пісірілді.  Сарбаз ботқасымен қатар аула тұрғындары мерекелік концертке де куә болды. Өңір тыныштығын қорғап жүрген сақшыларымызға өз алғыстарын жаудырып, солтүстікқазақстандықтарды жеңіс күнімен құттықтады.

- Кәрілерді алға шығарып, тілек айтып жатқандарына рахмет. Отанымыз тыныш болсын.

- Біздің елімізді жаудан қорғаған барша ер азаматтарға алғыс айтамын. Сол батырларымыздың арқасында қаіргі күні бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз.

- Біздің ауламызда осы іс-шараның өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Мамандандырылған күзет қызметіне алғыс айтамын. Біздің ауламыздың ардагерлерін ұмытпай, осындай дастархан жайып, концерт қойып жатыр.

Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұжымы Назарбаев көшесінен соң Жеңіс саябағы мен мәңгілік алауға ат басын  бұрды. Қала тұрғындары мен қонақтарына да жеңіс күні қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйласақ деген ниеттері бар.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар