ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

БАЛАЛАР ШЕРУІ

21:27, 5 мамыр 2018

Өңірімізде сонау сұрапыл соғыс жылдарында ел бейбітшілігі  үшін соғысқан ардагерлерге ізет көрсету шаралары жалғасуда. Солардың бірі «Алтын бесік» балабақшасының тәрбиеленушілері мен қызметкерлері соғыс ардагерлері мен Тыл еңбеккерлеріне арнап мерекелік концерт ұйымдастырды. Шара барысында бүлдіршіндер «МӘҢГІЛІК ПОЛК» акциясына қатысып, кішкентай велошабандоздар сап түзеп өтті.

Күліп, ойнап жүрген мына балаларға соғыс деген сөз таныс емес. Себебі қазір біз бақыт пен шаттыққа толы ғұмыр кешіп жатырмыз. Осының барлығы шараға арнайы шақырылған мына ардагерлердің арқасы. Кеуделері медальдарға толы жауынгерлердің жаңарында әлі күнге дейін сол зұлмат күндердің ауыр белгілері байқалады. Бүгінгі күні уайым-қайғысыз өсіп жатқан балалары мен немерелерін көргенде бұл батыл адамдардың жүзіне күлкі мен қуаныш ұялайды.

СЕРГЕЙ ПРЕСНЯКОВ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ:

Біз өте қуаныштымыз,себебі ертеңгі болашағымыз жарқын боларын білім тұрмыз. Еліміз, жеріміз, балаларымыз бен немерелеріміз үшін жауды ойсыратып осы Жеңіс күніне жеткенімізге бақыттымыз!

ПЕТР ГЛАДКОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

- Менің жасым 93-те, осындай бақытты балаларды көріп отырғаныма өте қуаныштымын. Біздің кезімізде бұндай әдемі ғимараттар, жақсы жағдай болған жоқ.Осының барлығына қарап менің және жолдастарымның қан төгіп, жаумен шайқасқанымбекер болмапты деп айта аламын. Осындай күні өте бақыттымын.

Майдан шебінде тұрып, қолдарына қару немесе еңбек құралдарын алып жауға қарсы тұрған соғыс батырларын атаулы датамен құттықтап 6637 әскери бөлімінің сарбаздары да келді. Олар балабақша қабырғасында жыл сайын өткізілетін осы шарада сап түзеп Тәуелсіз еліміздің көк туын алып кіру мәртебесіне ие болды. Сондай-ақ вело парадқа балабақшаның 30-ға жуық тәрбиеленушісі қатысты. Барлығы да велосипедтеріне Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан  ата-әжелерінің фотосуреттерін орналастырған.

Шара барысында шеруге қатысушылар  соғыста қаза тапқан  және хабарсыз кеткен жауынгерлерді бір минут үңсіздікпен  еске алды.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
20:11, 9 мамыр 2019
НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...