ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

«БАТЫРЛАР ДАҢҚЫ» ШЕРУІНЕ 4 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСТЫ

20:03, 9 мамыр 2019

Жыл сайын 9 мамырда «Батырлар даңқы» бейбіт шеруі әлемнің 620 қаласында өткізіледі. Шараға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Израиль, Украина, Моңғолия және тағы да басқа мемлекеттер белсене атсалысады. Ұлы Жеңістің 74 жылдығында Петропавлда ұйымдастырылған «Батырлар даңқы» акиясына 4 мыңнан астам солтүстікқазақстандық шықты.

Жыл сайын Ұлы Жеңіс күнінде Н.Погодин атындағы орыс драма театры алдынан басталатын «Батырлар даңқы» шеруі биыл да мыңдаған батыр ардагерлердің ұрпақтарын жинады. Бәрі қолдарына әкелері мен аталарының, әжелерінің портреттерін ұстап, бейбіт шеруге сақадай сай. Арнайы белгі берілді, Пушкин көшесіне жиналғандар батырлардың суреттерін биік ұстап, жолға шықты.

САМАТ САПАРАЛЫ, ТІЛШІ:

- Жыл сайынғы дәстүр, 9 мамыр. Петропавлдықтар орталық көшелерге шығып, өздерінің соғыста жанын беріп соғысқан, батырлық танытқан, немесе жау қолына түссе де елін, жерін сатпаған солдаттар мен госпитальде қызмет атқарған мейірбикелердің бүгінгі ұрпақтары осылайша өздерінің аталарына құрмет көрсетуде. Мамандардың айтуынша бүгінгі бейбіт шеруге 4 мыңнан астам петропавлдық шығып отыр.

Пушкин көшесінен басталған шеру Бөкетов көшесіне қарай бұрылып, Тәуелсіздік монументі маңындағы, орталық саяжайдағы Даңқ ескерткішіне бет алды. 4 мыңнан астам  адамның басын қосқан «батырлар даңқы» акциясын кейбірі көпқабатты үйлерден бақылап отырса, көшедегілері біртіндеп қатарға қосылды.

СЕЙІЛБЕК БӘШІМОВ, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ НЕМЕРЕ ІНІСІ:

- Менің әкемнің ағасы, Кеңес Одағының батыры Әбу Досмұхамбетов 1942 жылы 8 атқыштар дивизиясында соғысты. Оның ротасы барлық жерде алда жүріп, немістерден жолды тазартып отырған. Днепрді азат етуде жауынгерлер қатары азайып, басы мен қолы жараланған Досмұхамбетов арқасына жарылғыш мина байлап, фашисттік танктің астына құлаған. Оған қарап, қасындағы тағы бір командир осылай жасаған екен. Осы ерліктің алдында Әбу Досмұхамбетовке Кеңес Одағының батыры атағы берілген екен.

АЙЖАН МҰХАМЕТҚАЛИЕВА, ҰОС АРДАГЕРІ БОТАЙ ӘМРЕНОВТІҢ ҚЫЗЫ:

- Менің әкем Әмренов Ботай Әміреұлы 1900 жылы туған, 1941 жылы соғыс қатарына ілегіп, 5 жыл бойы соғыста шопыр болды. Ленинградтағы шайқаста Ларж көлінен өтетін полуторкамен. Бізге айтатын сол кездерін. Соғыстан кейін тағы 3 ай әскери қызметін атқарған.

СӘБИТ СҮЛЕЙМЕНОВ, ҰОС АРДАГЕРІ РАХЫМ СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ БАЛАСЫ:

- Менің әкем 22 жаста соғыста болған Финский шекарада, соғыстан кейін 1943 жылы жарақат алып, үйге оралды. Содан кейін 1944 жылдан бастап, ІІМ істеген. Жыл сайын алып шығамын, мынау менің немерем, білсін деймін әкемнің қандай болғанын, атасының.

Шеруге шыққандар әскери әндер шырқап, соғыста қаза болғандарға қойылған ескерткішке де жетті. Жеңіс жауынгерлеріне тағзым етіп, қолдарындағы гүл шоқтарын қойып, соғыстан оралмағандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алысты.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар