ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

Биыл ардагерлерге көмек көрсету үшін аудандардың және Петропавл қазынасынан 39 млн теңге қарастырылыпты

13:40, 22 сәуір 2016

Бүгінгі күні облысымызда 203 соғыс ардагері тұрады. Оның 59-ы мүгедек. Биылғы жылы Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай, барлық соғыс жауынгерлеріне мемлекет тарапынан қандай көмек болмақ?

1941жылы қолдарына қару алып, фашистерге қарсы тұрған азаматтардың қатары сиреп барады. Өткен күннің іздері кеуделерінде мәңгілікке қалса, да соғыс ардагерлерінің көңілін табу бүгінгі ұрпақтың міндеті.  Қазіргі кезде облыстағы көзі тірі 203 соғыс жауынгерінің 59 мүгедек, 24 жалғызбасты қария үйлерінде көмек алады. Ал медициналық әлеуметтік мекемеде 2 ардагер, 54 тыл еңбеккері тұрады. Олардың барлығы да биыл мемлекет тарапынан көмек алады.

Сұрапыл жылдарды бастан өткеріп, бейбіт күн сыйлаған ардагерлерге көмек көрсету үшін аудандардың және Петропавл қазынасынан 39 млн теңге қарастырылыпты. Сонымен қатар, соғыс жауынгерлеріне ем-дом қабылдау тегін.

Ал  Жеңіс күні өңірімізде жоғары деңгейде өтеді деп күтілуде. Ол күні ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, митингтер ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, түрлі деңгейдегі басшылар ардагерлердің үйлеріне барып құттықтайды.

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...