ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!

20:39, 6 мамыр 2020

Жеңістің 75-жылдығы  қарсаңында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының өкілдері ҰОС ардагерлерінің үйлеріне барып, келе жатқан мерекемен құттықтады. Майдангерлерге «Біргеміз» қорынан 50 мың теңге материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ нұротандықтар соғысқа қатысушыларға арнайы сый-сияпаттарын да табыс етеді.

НИКОЛАЙ ДЁМИН, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Николай Дёмин қазір 93 жаста. Ол тылда аянбай тер төгіп, майдан даласында от кешіп, Жеңіске өз үлесін қосқан жан. 1942 жылдан бастап Киров атындағы зауытта еңбек еткен. Кейін 17 жасында елін қорғау үшін қан майданға аттанады.

НИКОЛАЙ ДЁМИН, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

«Соғыс аяқталғанан кейін де 5 жыл сонда болып, отан алдындағы борышымызды өтедім. Кейін 24-жасымда елге оралдым. Шынымен де бізге Жеңіс оңай келген жоқ. 4 жылда  қаншама замандастарым сол майдан даласында қаза тапты. Біздің ұрпағымыз сондай қиыншылықты көрмесін. Елімізде тыныштық болсын. Бізді ұмытпайтын азаматтарымызға алғысым шексіз. Келе жатқан мерекеміз құтты болсын!»

Жауды жеңіп, елге аман-есен оралғандардың қатарында Қожатай Некібаев та бар. Ел басына күн туғанда ол небәрі 17 жаста еді. Ол Венгрияны, Чехославакияны жаудан қорғады. 4 жылын ұрыс даласында өткізген жерлесіміздің жадында.  Жеңіс күнін қалай қарсы алғаны жатталып қалды.

ҚОЖАТАЙ НЕКІБАЕВ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

«Біздің әскер Германияның Берлин қаласына кіріп, алды. Рейстахтың төбесіне Жеңіс туын тікті. Сержант Контара мен Қошқарбаев. Соны бізге хабарлады. Біз өтірік шығар деп, жай айтып отырған шығар деп ойладық. Солай командир айтты. Өтірік емес, правда деп айтты.»

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының өкілдері облыстағы әр ардагердің үйіне барып, құттықтап қайтуды жоспарлап отыр.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

-«Оларға партияның бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атынан құттықтау хаттарын, азық-түлік қораптарын өзіміздің сыйлықтарымызды табыс етіп жүрміз. Бұдан басқа, әр ардагерге «Біргеміз» қорынан 50 мың теңгеден материалдық көмек көрсетіледі.. Ол қаражат есепшоптарына аударылды. Ардагерлеріміз күннен-күнге азайып бара жатыр. Сондықтан оларға денсаулық тілегіміз келеді.»

Солтүстік Қазақстан облысында 52 ардагер бар. Олардың ерлігін жас ұрпақ ешқашан ұмытпайды.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ
17:15, 6 мамыр 2020
ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар