ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҮЗЕЛЕДІ Толығырақ

ФОТОСУРЕТ КӨРМЕСІ ӨТТІ

20:35, 3 мамыр 2019

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Жеңістің 74 жылдығы және Ұлы отан соғысында ел үшін өтқа түскен ардагерлеге арналған «Жеңімпаздар» атты көрме өтті. Көрермен назарына Александр Коротковтың фотосуреттері ұсынылды.

Ұлы Отан соғысы – адамзаттың жүрегінде жазылмас жара болып қалған оқиға. Жеңіске биыл 74 жыл, майдангерлердің де қатары жыл сайын сиреп келеді. Бүгін көрмеге жергілікті ардагерлердің  50-ден аса суреті көрермен назарына ұсынылды. Көрменің мақсаты, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатып, отанның, елінің алдындағы азаматтық борышын тереңнен түсіндіру.  Александр Коротков өңірдің танымал фототілшісі.  Фотосуретші КСРО журналистер одағының мүшесі, облыстық, республикалық фотосуретшілердің жеке көрмесінің қатысушысы. 40-жылдан аса уақытын кәсіби фотожурналистикаға арнаған жан. Александр Львовичтің фотомұрағатында 1000 нан аса сурет бар. Бұл естеліктердің жартысынан көбі Ұлы Отан соғысының қаһармандарына арналған.

АЛЕКСАНДР КОРОТКОВ, ФОТОСУРЕТ КӨРМЕСІНІҢ АВТОРЫ:

- БАҚ  жұмыс істеген уақытта Петропавл қаласының улкен фотомұрағатын жасаған едік. Олардың арасында Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміздің суреттері құрметті орын алды. Мен майдангерлерді 45 жыл қатарынан суретке түсіріп келдім.. Олардың жас кезі есімде. Бұл көрмеде көрсетілген фотоларда көзі тірі жауынгерлер жоқ, бірақ, олар енді мәңгі есімде. Естелік болып қалды.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар