ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

ҒАСЫР ЖАСАҒАН АРДАГЕР

15:14, 8 мамыр 2019

9 мамыр күні ғасырлық мерейтойын Уәлиханов ауданының тұрғыны, соғыс ардагері – Аусағит Мұқашев атап өтпек. Туған күн иесін Ұлы Жеңіс мейрамымен және 100 жасқа толуымен облыс әкімі атынан Қайрат Пішембаев құттықтады.

Аусағит Мұқашев 1939 жылдан 66 артиллериялық оқу полкінің курсанты, 1943 жылдан бастап соғыс аяқталғанға дейін өздігінен жүретін артиллериялық полктің зертханашысы болған. «2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені,  «Кеңес одағының Маршалы Жуков», «Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін»  медальдарының иегері. Аусағит ата, бүгінде 7 баласының, 23 немересінің, 49 шөбересінің қызығын көріп отыр. Майдангерді Ұлы жеңіс мерекесімен және 100 жасқа толуымен облыс әкімі атынан мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Пішембаев құттықтады.   

ҚАЙРАТ ПІШЕНБАЕВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың атынан келіп отырмын. Сізге үлкен сәлемдеме жіберді. Сізді жеңіс күнімен, тарихта ерекше орын алатын, үлкен мерекемен құттықтайды сізді. Және де сізді 100 жасқа келіп жатқан мерейтойыңызбен құттықтады. Сізге мынадай құрмет грамотасын беріп жіберді.   

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
20:11, 9 мамыр 2019
НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...