ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ҚАРА МАЙОР ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ

17:52, 8 мамыр 2019

Облыс орталығындағы кинотеартлардың бірінде «Қара майор» туралы деректі фильмнің ІІ бөлімі көрсетілді. Туындыда Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың еш жерде айтылмаған ерлігі мен ғұмыр-дастаны, бұрын соңды жария болмаған естеліктері топтастырылған.

4 мың метр биік шатқалда орналасып алған моджахедтер совет әскерлерін қия бастырмады. Жаудың аса күрделі, кіруі қиын, шығуы одан да шым-шытырық бекіністері мен оқ ататын қуыстарын 177-ші отряд талқандай алды. Бұл жасаққа Борис Керімбаев жетекшілік еткен болатын. Арнайы шені болмаса да, дәрежесі генералдардан жоғары болған деседі. Ауған соғысының ардагері Жоламан Мұхаметжанов Борис Керімбаевты Алматыдағы ардагерлер госпиталінде көріп, әңгімелерін тыңдаған. 

ЖОЛАМАН МҰХАМЕТЖАНОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

-  «Қара майордың» жасағы  Паншерді 8 ай ұстап ұрды.  Пәкістан жақтан қару-жарақ пен есірткінің өткізілуіне жол бермеді.

8 ай бойы «Қара майордың» батальоны «қылыштың жүзінде» жүрді. Борис Керімбаев қарамағындағы 40-тан астам сарбазы мен 4 офицерінен айырылса, солардың басым көпшілігі Паншерде көз жұмған.

Ахмед шах Масуд көзiнiң тiрiсiнде Паншер өлкесiне ешкiмдi кiргiзбепті. Тек Борис Керімбаев қана Ауған халқының көсемі, әскери тактика мен стратегияны өте жетік білетін тәжірибелі әрі ірі қолбасшы Ахмед шах Масудқа қарсы тұрды. Өліспей беріспейтін қандасымыз, моджахеттер арасында «Қара майор» атанды. Борис Керімбаевтың отряды Паншерде болғанда жергілікті тұрғындарға мешіттер мен әлеуметтік маңызы бар ғимараттар тұрғызып берген.

- «Борис Керімбаевты жергілікті тұрғындар жібергісі келмеген. Ол әскерімен Ауған жерін босатқан күнен кейін Паншерден халықтың көбі көшіп кеткен. Өйткені олар моджахеттердің келіп, сойқан салатынын білген».

Борис Керімбаевтың арқасында Ахмед шах Масудтың моджахедтері 1982 жылдың шілдесінен бастап 1984 жылдың 21 сәуіріне дейін Паншердегі совет әскерін атқылаған жоқ. Оларға қарсы ұрыс қимылдарын жүргізбеген. Демек, «қара майор» біраз адамның өмірін сақтап қалды.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
20:11, 9 мамыр 2019
НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар