ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

МАЙДАН ДӘРІГЕРІ

21:16, 8 мамыр 2019

Бүгінде Петропавл қаласында 55 ҰОС ардагері өмір сүреді. Олардың арасында жаудың зымыранынан жараланған жауынгерлерді аяққа тұрғызған дәрігерлер де бар. Анна Васянова 1943 жылы өз еркімен майдандағы госпитальге аттанған ержүрек дәрігер. Жүздеген жауынгерді аяққа тұрғызып, өмірін сақтап қалғаны үшін алған марапаттары да аз емес. Бір ғасыр өмір сүрген ардагер жайлы келесі бейнематериалда.

Анна Васянова 1943 жылы, 23 жасында Томск медициналық институтын аяқтаған соң, өз еркімен 1-ші Беларусь майданындағы госпитальға жұмысқа орналасады. күндіз соғыста жараланған жауынгерлерге көмек көрсетсе, түнде жағдайы ауыр науқастарды қарайлаған.

АННА ВАСЯНОВА, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Оқуды аяқтаған соң мен майдан госпиталіне барамын деп шешім қабылдадым. Мені ешкім де ойымнан қайтара алмады.  Біз жараланған жауынгерлерді майдан алаңында емес, госпитальде емдедік. Біздің казарма-палатамызда 50-100 аралығында науқастар болатын. Күнделікті майданнан әкелген сарбаздарға ота жасадық. Бос орын болмайтын.

Ұлы Отан соғысының және медицина саласының ардагерін Жеңіс күнімен облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев құттықтады. Өңірдің бас дәрігері ардагерге гүл шоқтары мен арнайы сыйлығын тарту етіп, сұрапыл соғыста жасаған ерлігіне алғысын білдірді.

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Сіздерердің ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Бізге бейбіт өмір сыйлағаныңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында шекарамызды сақтап қалдық, Сіз және Сіз секілді дәрігерлер мен мейірбикелер, санитарлар майданда мыңдаған адамның өмірін сақтап қалып, елімізді жауға бермеу үшін соғысқа қайта аттанды. Сол үшін алғысымыз шексіз, ауырмаңыз.

Анна Васянова 1945 жылы Иван Дыбенкомен тұрмыс құрып, Украинаға оралады. Араға жылдар салып, 1954 жылы Қазақстанға тың игеруге отбасымен көшіп келіп, Жамбыл аудандық ауруханасында, 1965 жылдан облыстық ауруханада қызмет атқарып, зейнетке шыққан.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар