ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

«МӘҢГІ ЕСІМІЗДЕ...»

18:34, 3 мамыр 2018

Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орай зияткерлік ойын өтті. Сайысқа қалалық ардагерлер кеңесі,  Жас Отан жастар қанаты, жастар мәслихатының өкілдері және М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицейдің құрамалары қатысты. Олар Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп,  өзара үздіктерді анықтады. Толығырақ келесі бейнематериалымызда.  

Бұл сайыс Ұлы Жеңіс күніне арналған. Сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Бірақ, қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Бүгінгі сайыста бейбіт өмірге жеткізген ата-бабаларымыз жайлы сұрақтар қойылды. Қатысушылардың арасында ең жасы «Сұңқар» тобының  мүшелері.  

АЛИШЕР САҒЫНДЫҚОВ, «СҰҢҚАР» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ:

- Біздің басты мақсатымыз бұл ойында лицейіміздің барлық күшімізді көрсетіп, не істей алатынымызды және Ұлы Отан соғысы жайлы көп мәліметті білетіндігіміз жайлы көрсету. Және ардагерлерге деген сыйластығымызды көрсету. Бүгінігі негізгі тақырып 9 мамыр. Жюри ретінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді шақырды. Оларме сөйлесіп, жыңа мәліметтер алуға, мүмкіндік бар.

Аталған іс-шараның мақсаты - азаматтық-патриоттық қасиеттеріді тәрбиелеу және екінші дүниежүзілік соғыс туралы тарихи деректермен терең танысу. Сайыс үш бөлімнен тұрды.    

ЖҰЛДЫЗ ШӘРІМОВА, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

- Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қалалық жастар ресурсы орталығымен бірлесе «тарих тағылымдарынан естелік» жайлы  интеллектуалды ойын өткіздік. Бұл бірнеше ұрпақтың тоғысуы. Сайыстан бөлек,  жастар  соғыс ардагерлерімен тілдесуге мүмкіндік алды.

Комиссия мүшелері қатысушыларды сұрақтарға толық жауап беруі, топтық жұмыс және капитандар сайысы критерийлері бойынша бағалады. Жүлделі бірінші орынды қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері иеленді.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, патриот, азамат

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...