ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

18:21, 5 мамыр 2018

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне Петропавл қаласында түрлі мәдени шаралар өткізіледі.

Айталық, 7 мамыр күні  Бас алаңда Елбасы - Басқолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қатысуымен өтетін әскери  шерудің  онлайн көрсетілімі, «Отанға қызмет етемін» атты мерекелік концерт, Спорт сарайында қазақ күресінен «Қызылжар барысы» облыс біріншілігі, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының алаңында «Мамыр жұлдыздары» тақырыбында  патриоттық әндер байқауы өткізіледі.  

Ал 9 мамыр Жеңіс күні дәстүрлі митинг пен Мәңгілік  алау мемориалына  гүл қою рәсімі өтеді, 11:50-де Театр алаңында «Мәңгілік полк» колонна қозғалысы басталады, сонымен қатар сағат 11-жарымда Бас алаңда қала тұрғындары мен қонақтарының назарына  «Желбіре, Жеңіс жалауы!» театрландырылған мерекелік бағдарлама ұсынылады. Барлық  мерекелік  алаңдарда  әскери-дала асханасы жұмыс істейді.  Сағат 15:00де  Жеңіс саябағында авто және мото шеру  ұйымдастырылады. Ал түнгі сағат 10-00-де Жеңіс саябағында мерекелік отшашуды  тамашалай  аласыздар.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, мереке

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...