ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ

20:11, 9 мамыр 2019

М. Жұмабаев ауданы Ноғайбай ауылында Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерейлі мерекесіне орай  ардагерлер рухына тағзым етілді. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»  атауымен  21 майдангер есімі жазылған  ескерткіш тақта ашылды.  Аталмыш ескерткіш «Ноғайбай» ЖШС  демеушілігімен салыныпты..  Толығырақ әріптесім Ж. Қайыпова тарқатсын. 

Ешкім де,  ештеңе де ұмытылмайды. Ноғайбай ауылынан соғысқа аттанған 21 майдангердің есімі енді олардың туған-туыстарының, ауылдастарының көз алдында болмақ. 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орайластырылып, елдімекенде жауынгерлердің есімдері ойылып жазылған ескерткіш тақта ашылды. Ескерткіштің авторы мен мүсіншісі танымал архитектор - Қазбек Сатыбалды. Жалпы құрылысқа   1 жарым жыл уақыт пен 12 млн теңге жұмсалыпты. 

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, СҚМУ ДОЦЕНТІ, ЗАҢ  ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

- Бүгін Ноғайбай ауылы үшін ұлы күн. Ауыл тұрғындары үшін Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің есімімен ескерткіш жасалып жатыр. Ноғайбай ауылы өте қасиетті жер. ҰОС ардагерінің аты-жөніә, туған жылы жазылды. Болашақта осы ауыл тұрғындарымен бірге естелік кітап шығарамыз деп ойлаймыз.

Ескерткіштің қызыл тастары Жамбыл облысынан арнайы әкелініпті.Және де аудандық, облыстық архивтерден мәліметтер жинақталып, нақты 21 ардагер Ноғайбай ауылының тұрғыны екені де анықталған. Батырларға арналған ескерткіштің ашылуымен және жеңіс күнімен М. Жұмабаев ауданының басшысыда ауыл тұрғындарын  құттықтап,  өз тілегін білдірді

ҚАЙРАТ ОМАРОВ, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бүгінгі ескерткіштің ашылуы тарихи сәт. Барлықтарыңызды бүгінгі ұлы жеңіс күнімен құттықтаймын.

«Ноғайбай» жшс 1995 жылы негізі қаланған.  Осы уақыт аралығында ауыл тұрғындарының игілігі үшін мәдениет үйі, медицинадық пункт, мейрамханалар мен балаларға арналған ойын алаңдарының  да салыпты.  Осы ескерткішті ашу көптен бергі арманымыз еді дейді бас демеушілер.

ҚАЙЫРБЕК САПАР,  «НОҒАЙБАЙ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Бүгін ерекше күн. Жеңіс күніне арналған ескерткіш ашылып отыр. Ауылдың соғысқа қатысқан, соғыстан қайта оралмаған ардагерлерге ескерткіш ашып отырмыз. Бұл біздің бұрыннан бері ойға алған жоспарымыз еді.

Ерлер есімі - әрқашанда ел есінде сақталары хақ.  Ноғайбайлықтар майдангерлеріміздің есімдері ұлықталып жатқанына қуаныштымыз дейді.

Салтанатты рәсім соғыста қаза тапқан, сондай ақ дүниеден өткен майдангерлердің рухына арналған ауыл әкімшілігінің атынан ас берумен аяқталды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...