ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

«ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

20:49, 3 мамыр 2018

«Балдәурен»  оқу-сауықтыру орталығында өтетін республикалық әскери-патриоттық форумға біздің облысымыздың намысын қорғауға білім басқармасының ұйымдастыруымен 14 баладан тұратын команда бармақ. Команда құрамы Ғабит Мүсірепов ауданының және Петропавл қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушыларынан жасақталған. Айта кететін жайт, мұндай жарыстар елімізде Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында  жыл сайын өткізіледі. Жиырма күндік саяхатқа аттанатын жас патриоттармен әріптесім Майгүл Сейілбек танысып келді.

Алмаз Қабдрахманов  әскери-патриоттық клубтың мүшесі. 9-ыншы сынып оқушысы баскетбол, күрес, теннис секілді спорт түрлерімен шұғылданып қана қоймай, сондай-ақ гитарада ойнап, түрлі өнерлерді де бойына сіңірген. Сондай-ақ Алмаз 7-8 секунд ішінде калашников автоматын бұзып қайта жинай алады екен.Жас бала болашақта өмірін әскери қызметпен байланыстырғысы келеді. Осы қызықты саяхаттан күтерім көп дейді.

АЛМАЗ ҚАБДРАХМАНОВ, ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБТЫҢ МҮШЕСІ:

- Мен 6-ыншы сыныпта оқып жүргенімде үлкен балалардың әскери дайындыққа дайындалып жүргенін көрдім, маған осы спорт түрі өте қатты ұнады. Біз аудандық чемпионатта бірінші орын алдық, осының арқасында  маған «Балдаурен» лагеріне баруға ұсынды.

Республикалық конкурсқа еліміздің әр өңірінен 16-ға жуық команда, 300-дей оқушы қатысады. Мұндай доданың басты мақсаты – өскелең ұрпақ бойына патриоттық сезімді дамыту, Отанына адал болуды, қайратты, жігерлі болуға машықтандыру және Туған жерін шын сүйе білетін нағыз азаматтар етіп тәрбиелеу.

БОТАГӨЗ ТАУҚҰДІРЕТОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Облысымыздың білім беру жүйесінде негізінен іс-шаралар Елбасымыздың болашаққа бағдар Рухани жаңғыру бағдарламасы оның ішінде тәрбие және білім кіші бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Нағыз ел азаматтарын тәрбиелеу, ол дегеніміз спорттық жағынан өзін машықтандыру, ән шырқай білу, түрлі жарыстарға қатысу, конкурстың жалпы мақсаты сол балаларға дене тәрбиесі жағынан шынықтандыру, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру.

Оқушылар «Балдәурен» лагерінде мамырдың 4-і мен 24-і аралығында болады. Олар автоматты бұзып-жинау, күш гимнастикасы, саптық дайындық,кросс, граната лақтыру және медициналық көмек көрсетуден сайысқа түспек.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, жастар

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...