ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

ОТБАСЫНА ОРАЛМАҒАН АРДАГЕР

18:10, 5 мамыр 2018

1941-1945 жылғы соғыс Кеңес Одағының әрбір жанұясының жақынынан айырып, қара қағазбен басына қара бұлт үйірді. Әкесі мен баласынан, ағасы мен інісінен қол үзгендерге  бауырларын ақтық сапарға шығарып салу да бұйырмады. Петропавл қаласындағы Уәлиевтер отбасының мүшесі де сұм соғыстан оралмады. 72 жыл бойы әкесі мен атасын іздеген жанұя мұратына қалай жетті. Тілшіміз Самат Сапаралының бейнематериалы.

Аманғали Уәлиев жыл сайын 9 мамырда Мәңгілік алауға келіп, гүл шоқтарын қойып, 1944 жылы із-түссіз кеткен атасы Мырзабек Нұртазаұлының рухына тағзым етеді. Әкесі де Серғали да өмір бойы ардагер әкесін іздеп, өмірден өткен. Алайда батырдың жатқан жерін табу баласына аманат болып, қалды. Жылдар бойы жалғасқан іздеуден үміт болмаған соң, былтыр қаңтар айында Ресей федерациясының Қорғаныс істері министрлігіне хат жолдап, майданнан оралмағандар тізімінен іздеуді сұрайды.

АМАНҒАЛИ УӘЛИЕВ, МЫРЗАБЕК УӘЛИЕВТІҢ НЕМЕРЕСІ:

- Содан нақыт бір жұмадан кейін, Қырымнан бір хабар келіп түсті, іздейтін топтар бар екен. Сіздің атаңыз, Керчь қаласының жанында, Опасное деген селода Бауырластар деген зиратта жатыр деп. Келіңіздер, қарсы аламыз деп. Әкеміз соны өмір бойы іздеп өтті, армандап өтті, бірақ бұйрық болмапты, тағдыр жазбапты, әкесін көруге. Біз сол ұрпақтары туған жерден топырақ апарып, басында дұға оқып, әкеміздің арманын орындап қайттық.

Қырым тұрғындары қазақстандық пулеметшінің ұрпақтарын жылы қарсы алды. Олар 9 мамыр Жеңіс күнін бірге атап өтіп, атасы Мырзабек Нұртазаұлының суретімен мәңгілік полкте жүріп өткен. Батырдың майдандағы ерлігі жайлы бірқатар деректі ұрпақтары Ресей жерінде білген.

АМАНҒАЛИ УӘЛИЕВ, МЫРЗАБЕК УӘЛИЕВТІҢ НЕМЕРЕСІ:

- Сол Керчьте жарты жыл соғысқан екен, пулеметші болып, 3 март күні 1944 жылы снаряд тікелей келіп, екі аяғын бірдей жұлып әкеткен. 3 күн қансырап жатып, 7 март күні қайтып кетіпті. Сол туралы бәрі жазылған.

Мырзабек Нұртазаұлы 4 жыл бойы Кеңес Одағының бірнеше қалаларын азат етуге қатысып, атқыштар дивизиясында пулеметші болды. Сұм соғыста жау оғымен арпалысып, бейбіт өмір мен мамыражай тірлік үшін жан беріп, жан алысқан. Керчь қаласы Мырзабек Нұртазаұлының өлімінен соң 1 айдан соң фашисттердің құрсауынан босатылған.

Самат САПАРАЛЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, ардагер тарихы, Жеңіс күні

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...