ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

Петропавл қаласының кәсіпкерлері соғыс ардагерлері үшін қайырымдылық шарасын өткізуде

21:00, 29 наурыз 2016

Олар жер үйде тұратын қарттарға баспаналарына су өткізуде. Бұл игі шараны олар жеңіс күні қарсаңында аяқтамақ. Ардагерлер кеңесінен алған тізім бойынша қайырымдылық шарасын бастаған жандар, 1 отбасын таза ауыз сумен қуантса, енді біріне туған күніне сыйлық жасамақ.

Иван Козин 90 жаста. Ол 1943 жылы он сегіз жасқа толмастан соғысқа аттаныпты. Бозбала бола тұрса да, отан үшін от кешіп, фашистермен күрескен.Кейін ішкі істер органдарында қызмет етіп, полковник атағында зейнетке шығады. Өткен өмірі жайында әсіресе сұрапыл жылдары туралы қария аз айтады. Тіпті, ұл-қыздарына да сыр ақтармаған. Бар айтары мен 8 орден игеремін дейді.

Көпті көрген қария қазір келін-баласының қолында. Өздігінен жүріп тұруы қиындаған ардагерді балалары үйде жуындырады екен. Сондықтан да, қайырымды кәсіпкерлерді әң суды үйге тартып береміз дегеніне қуана келістік дейді.

Санаулы қалған соғыс ардагерлеріне қайырымдылық жасауға Елбасының алғыс айту күні түрткі болыпты. Бірақ, ол кезде бірден жұмыстарды бастауға құжаттармен қарбалас кедергі келтіртіпті. Бірақ, жақсылықтың ерте, кеші жоқ дейді жігіттер.

Петропавл қаласында 10 ардагер жеке секторда тұрады екен. Олардың бесеуінде ғана үйлеріне су өткізілмеген. Енді ол олқылытың орны толатын болды.

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...