ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

Петропавлда «Жас ұлан» ұйымының мүшелері жалғызілікті қарияларға жәрдемдесуде

18:05, 13 мамыр 2016

Осы жолы 12-ші орта мектептің оқушылары еңбек ардагері Зоя Селюнинаға жолығып, үй шаруасына көмектесті.

Зоя Ивановна өмірінің тең жартысын денсаулық сақтау саласына арнаған. Қарт әжей 4 жыл бойы мына үйде жалғыз тұрып келеді. Бүгінде қарияның   үй  шаруасын  тындыруға қауқары жоқ. Осы орайда оған жастар қол ұшын созуда. Айына бірнеше мәрте рет Зоя Ивановнаның үйіне  «Жас ұлан» ұйымының мүшелері келеді. 

Осы жолы   12-ші  мектептің оқушылары бақшаны арам-шөптерден тазартып, үй қабырғаларын әктеді. Жасұландықтар ойынша, қарияларға жәрдем беру  - өскелең ұрпақ үшін  парыз .

Бүгінде «Жас ұлан» ұйымының  қамқорлығында  Петропавл бойынша 40 ардагер бар. Оқушылар қарттардың үй шаруасын тындырып, қолда бар көмегін көрсетуге тырысады. Қариялардың сөзінше, жастардың еңбегі өлшеусіз.

Аманжол НҰРТАЗИН

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...