ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

Ш.Уәлиханов ауданы бойынша Соғыс ардагерлерінен екі-ақ адамның көзі тірі

18:00, 11 мамыр 2016

9 мамыр Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылының орталық алаңында салтанатты митинг өтіп, екінші дүниежүзілік және ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

9 мамыр күні аудан тұрғындары  қалыптасқан дәстүр бойынша Кішкенекөлдегі Жеңіс саябағында  жиналды. Осы жерде  «Мәңгілік полк»   сап түзеп, ауыл көшелерімен жүріп өтті. Жиналғандар екінші дүниежүзілік және  Ауған соғысында қаза тапқан жерлес интернационал-жауынгерлерге арналған ескерткіш тасқа гүл шоқтары қойды. Мерекелік іс-шара аудан орталығындағы Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шерумен жалғасты.

Бүгінгі таңда Ш.Уәлиханов ауданы бойынша Соғыс ардагерлерінен  екі-ақ адамның көзі тірі. Оның біреуі 97 жастың төріне шыққан Аусағит Мұқашев пен Арын Исақаев.

Салтанатты шеруге қатысушылардың ішінде  аудандық ішкі істер бөлімі, алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімдері, №19 өрт сөндіру бөлімі, дала жиындарына қатысқан  аудан мектептерінің оқушылары, шекара бөлімшесінің сарбаздары, медицина қызметкерлері де бар. Жиналғандарды Жеңіс күнімен аудан әкімі Аман   Төрегелдин   құттықтады. 

Соғыс ардагері Аусағит Мұқашевтің немересі   Алтынбек Мұқашев Қызылжар  Барысы атанып, атасының мерейін тасытып жеңіске жетіп отыр. Біз Отанымызды қару алып қорғадық,  немеремнің бүгінгі жетістігі бұл да болса Тәуелсіз еліміздің жеңісі деп ізгі тілегін жолдады Аусағит ата

Жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты шеру өңірлік жас таланттардың концертімен, театрлық қойылыммен өз жалғасын тапты. Ұлы Жеңіс күнімен барша халықты құттықтаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Қалиев майдангерлерлің  ерлігі ұрпақ жүрегінде ғасырлармен жаңғырып, ешқашан ұмытылмайды дейді.

Мерекелік салтанатты шеруді аудандық күш-пәрмен құрылымдарының  өкілдері жалғастырды.  Аудан орталығына жиналған жұртшылық болса,   ардагерлерге  құрмет-қошемет көрсетіп,  құттықтауларын жаудырды.

Осылайша уәлихановтықтар  Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті. 

 

Балжан БЕКМАҒАМБЕТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...