ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

СОҒЫС АРДАГЕРІ: БЕЙБІТ КҮНДІ БАҒАЛАҢДАР

17:53, 8 мамыр 2019

Бейбіт күнді бағалаңдар, дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Дёмин. Алғашында майданға жаяу әскер қатарында барып, кейін танкті тізгіндеген ардагерді облыс әкімі Құмар Ақсақалов Жеңіс күнімен арнайы құттықтай барып, сый-сияпатын табыстады.

- Еще не много, еще чуть-чуть, последний бой он трудный самый, А я в Россию домой хочу, я так давно не видел Маму...

Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Дёмин «Штурм Берлина» фильміндегі жауынгердің сөзін жиі еске алады. Өзі 1943 жылы қазан айында 17 жасында әскер қатарына алынып, Алматы қаласында қару-жарақты қолдану әдістерін үйренеді. 1944 жылдың сәуір айында майданға аттанып, Варшавадағы соғыстың үстінен түскен. Жаяу әскер қатарында соғысқан Николай Дёмин Сеуляй қаласын азат етіп жатқан кезінде 1944 жылдың 17 тамыз күні жараланады.

НИКОЛАЙ ДЁМИН, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Снарядтың жарықшақтары оң жақ желкеме тиіп жараландым, құлағым да естімей қалды. Қасымда менің мәскеулік взвод командирімнің басын жұлып әкетті. Оның қасындағы тағы бір майдандас досым қаза тапты.

Госпитальден шыққан соң Николай Дёмин танкке отырады. Танктің зеңбірегіне өз атын жазып алып, «Николай Дёмин сендерге көрсетеді әлі» деп майданға шығушы едім, - деп еске алады ол. Алайда 1945 жылдың 24-ші ақпанында өртенген танктен шығып келе жатқан кезінде фашисттер атқан оқ, танкисттің оң аяғына тиіп жараланады. Жеңіс күнін Литва жерінде қарсы алған ардагер бейбіт күнді бағалаңдар, - дейді.

НИКОЛАЙ ДЁМИН, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Бейбітшілікті сақтаңдар, бағалаңдар. Өйткені адам қолындағы ең басты құндылық осы. Таңертең тұрғанда ешкім сені атқыламайды, ешкім үстіңнен бомба тастамайды, дүкенге барып қалағаныңды ала аласың, тек қана оқып, спортпен айналысыңдар. Жастарға ылғи айтамын, мен осы 90-ға келіп, осы күнге дейін бірде-бір темекі тартқан емеспін, егер 90 жасқа дейін жеткің келсе темекіні тастаңдар деп кеңес беремін.

Жеңіс күні қарсаңында облыс әкімі Құмар Ақсақалов ардагерді арнайы құттықтай келіп, хал-ахуалын сұрады. Николай Дёмин аймақ басшысына суреттерін көрсетіп, сұрапыл күннен қалған естеліктерімен бөлісті. Облыс әкімі Жеңіс күнін, бейбітшілік сыйлаған азаматтар тарихта ғана емес, келешек ұрпақтың санасында мәңгі қалатынын айтты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Менің нағашым да жауға қарсы соғысты, Германияның Росток қаласына дейін барды. Кенигсберг қаласын азат етті, бірнеше орден, медальдармен марапатталды. 9 мамыр күні құттықтап барғанымызда, соғыстан кейін агроном болып қызмет етіп, бос уақытында өлең жазатын. Соны бізе оқып беретін. Сіздің де майданнан қалған естеліктеріңіз біз үшін өте маңызды. Әңгімелеріңіз де қағаз бетіне түсіп, келешек ұрпаққа қалуы керек.

Аймақ басшысы ардагерді 9 мамыр болатын салтанатты шараға шақырып, арнайы сыйлығын тарту етті.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
20:11, 9 мамыр 2019
НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...