ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

Тыл еңбеккеріне жәрдемдесу - колония қызметкерлерінің бастамасы

18:00, 26 сәуір 2016

9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында ЕС 164/3 түзету мекемесінің қызметкерлері тың еңбеккері Леонид Яковлевтің үйіне барып, атаулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ қарияның жағдайын сұрастырып, үй шаруасына көмектесті.

Сұм соғыс басталғанда Леонид Михайлович бар болғаны 13 жаста еді. Буыны қатпаған бала  елде  қалғандардың барлығы  сияқты  еңбекке араласты. Қиын кез еді.  Жылқы да бақтым, жүргізуші куәлігі  болмаса да көлік  айдадым, дейді тыл еңбеккері. Кейін әскер қатарына шақыртылып, Белоруссияға аттанған.

Леонид Яковлев   3-ші колонияда 12 жыл   еңбек етті.   Бүгінде тыл еңбеккері 88 де. 9 мамыр Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай қарияны әріптестері құттықтай келді. Олардың мақсаты тыл еңбеккерінің қолы жетпей жүрген жұмыстарын, мысалы үй әктеу, отын жару сынды шаруаларына септесу.

Тыл еңбеккеріне жәрдемдесу - колония қызметкерлерінің бастамасы. Өйткені қариялардың  жасы  болса, келіп қалды. Үй шаруасын  атқару күннен күнге қиындап бара жатқаны жасырын емес. Одан қалса сол сұм жылдары  тылда еңбек еткен жандардың  да  қатары бара жатыр.       

Айта кету керек колония қызметкерлері  мұндай бастаманы алғаш рет қолға алып отыр. Осы сынды игі істер дәстүрге айналады дейді олар.

Назерке ҒАЛЫМ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...