ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 74 ЖЫЛ

20:05, 9 мамыр 2019

Солтүстіқазақстандықтар Ұлы Жеңіс күнін атап өтті. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылып әскери әндерден шырқалды. Мейрамға келгендер театрландырылған қойылымды тамашалады. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл күні соғыс құрбандарының рухына тағзым етіп, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.   

ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, ТІЛШІ:

- Талай жанның өмірін қиған, алып елдің әр отбасына қайғы-қасірет әкелген Ұлы отан соғысының құрбандары мәңгі есте қалады. 9 мамыр Жеңіс күнінде шаһардың әр тұрғыны мәңгілік алауға келіп, батыр жауынгерлерді еске алып, алаудың маңына гүл шоқтарын қойды.

Ұлы Отан соғысына солтүстік Қазақстан облысынан  92 мыңнан астам азамат қатысты. 56 жауынгеріміз ең жоғары атақ: Ұлы Отан соғысының батыры ,11 Даңқ орденінің толық кавалері   атанды.  45 мың  адам хабарсыз жоғалып, ұрыс алаңдарында қаза тапты. Бір сөзбен айтқанда, майданға  кеткендердің тең жартысы туған жерге қайтіп оралған жоқ. Соғыс оты шарпымаған отбасы жоқ. Мәңгілік алауға жиналған мыңдаған адам майдан даласында қаза тапқан, тылда ауыр жұмыс істеп, аштық пен ауыр тұрмыстан көз жұмғандардың рухына тағзым етті.

Бүгін облыста соғысқа қатысқан ардагерлердің 82-нің ғана көзі тірі. Олардың тек санаулысы ғана қаланың орталығында өткен салтанатты шараға қатыса алды. Отқа да, оққа да төтеп беріп, Жеңісті жау қолына бермеген ардагерлерді облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Соғыс ардагері Стапан Башкировтың жасы 90-нан асса да, әлі тың. Өңір басшымен бірге сахнаға шығып, өз тілегін білдірді.

СТЕПАН БАШКИРОВ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Ортақ қайғы барша халықты жұмылдырды. Отанын қорғауға әр кеңестің азаматы шықты. Жеңіс құны келер ұрпақтың есінде мәңгі қалуын тілеймін. Немерелеріміз біз көрген қасыретті білмесін. 

Н.Погодин атындағы орыс драма театрының алаңына жиналған жұртшылықтың назарына соғыс жайында театрландырылған көрініс қойылып, жан тебірентіп, көптің көңілін босатты. Жүріп тұру ауырласа да жасы 97-ге қараған Сергей Михайлович Пресняков та отбасымен театр алаңына келді.  Отставкадағы полковник майданға 19 жасында аттанған. 38 атқыштар бригадасының құрамында Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысты, батыс және солтүстік батыс майдандарында соғысты.

СЕРГЕЙ ПРЕСНЯКОВ,  ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Жарақат алғаннан кейін, госпитальда емделдім. Бірақ әскери қызметтен кеткен жоқпын. Соғыстан кейін ішкі істер органдарында жұмыс істедім.Үш қызымнан 6 немере, 4 шөбере сүйіп отырмын. Осындай бақытқа жете алмаған қатарлас жауынгерлердің рухына тағзым ету үшін келдім.

Ұлттық Ұлан әскери институты 9 мамыр мерекесіне жыл сайын қатысып, сарбаз ботқасын дайындайды. Тары мен бұқтырылған ет қосылған ботқа шамамен 500 адамға  таратылды.  Ал алаңға жиналған жұртшылық ардагерлерге құрмет көрсетіп, елімізге тыныштық, жарқын болашақ тілеп жатты.

Биыл Ұлы Жеңіске 74 жыл. Қанша уақыт өтсе де, бұл Жеңістің құны, батырлардың ерлігі ұмыт қалмайтыны анық.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
20:11, 9 мамыр 2019
НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...