ШҰҒЫЛ! КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ Толығырақ

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ

13:05, 26 ақпан 2020

Петропавлда ҚР Ұлттық Ұлан Әскери Институтының ұйымдастыруымен тақырыптық кеш өтті. Шараның басты мақсаты соғыс ардагерлеріне тағзым етіп, құрмет көрсету. Мерекелік жиында батыр аталарымыз бен ішкі істер органдарының мамандары, әскерилер бас қосты. 

Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл болғанына қарамастан зұлмат күндерді еске алу әрдайым қиын дейді батыр аталарымыз Степан Федорович пен Иван Трофимович. Қан майданға екеуі де 18 жасқа толмай аттанған екен.

СТЕПАН БАШКИРОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

- Соғыс басталғанда біз 7-ші сыныпта оқитын 15 жасар бала едік. Әкеміз майданға кетісімен үйімізде сол кісінің орнын басып, жұмыс істедік. Алайда, 17-ге тола салысымен бірден әскер қатарына қосылдық. Басымыздан көптеген шайқастарды өткіздік, көптеген қарулас жолдастарымыздан айрылдық. Алайда, соған қарамастан Жеңіс туын тігіп, бүгінгі бейбіт күнге аман-есен жеттік. Осы шағымызға ризамыз.

ИВАН КЛИМЕНКОСОҒЫС АРДАГЕРІ:

- Мен әскерге 1944-ші жылы шақыртылдым. Дайындықтан өтіп, Беларуське жолдандым. Жеңісті Мәскеу, Челябі жақтарда қарсы алдым. Әрине, қуанышымызда шек болмады. Мұндай мерекелік шараларға қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Қатарымыз күн санап азайып келеді, сол себепті осындайда көзге еріксіз жас келеді.

Бұл шара Ұлттық Ұлан Әскери Институтында 3 күнге созылатын оқу әдістемелік жиынның аясында ұйымдастырылуда. Оған еліміздің әр түкпірінен келген кадр саясаты басқармасының 17 маманы қатысты. Әскерилер теориялық тұрғыдан білімдерің шыңдап, өзара тәжірибе алмасады.

АЗАМАТ ТҰРТАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Қалалық мәдениет үйінде бас қосуымыздың мақсаты ол әрине батыр аталарымызға құрмет көрсетіп, алғыс айту. Бүгінгі кеште әскери тақырыпта әндер шырқалып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске аламыз.

Кеш барысында жас сарбаздар батыр жауынгерлерге өздері әзірлеген мерекелік концертті ұсынды. Осы орайда қазіргі кезде облысымызда 58 ардагер болса оның 38-і Петропавлда тұратынын айта кеткен жөн.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
17:22, 17 қыркүйек 2020
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...