ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

Ұлы Жеңістің 71 жылдығын Ғабит Мүсірепов атындағы аудан тұрғындары да жоғары деңгейде атап өтті

17:50, 11 мамыр 2016

Төрт жылға созылған қанды майданды, ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алып, көзі тірі ардагерлерге бас иіп, алғыс айту үшін аудандықтар «Жастар» стадионына жиналды.

Бұл жолы ардагерлерге көрсетілген құрмет ерекше болды. Олардың әрқайсы орталыққа бір-бір көлікпен жеткізілді. Жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтаған аудан әкімі Владимир Дудов «біздің халық ешқашан солдаттар мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұмытпайды»,-деді. Жергілікті әртістер мен мектеп оқушылары болса, мерекелік концерт ұйымдастырып, сахналық композиция қойды. Игі дәстүрге айналған «Мәңгілік полк» шеруі мүсіреповтіктердің де назарынан тыс қалмады. Оған әкелері, аталары мен арғы аталырының суретін ұстаған аудан тұрғындары қатысты. Шара соңында тұрғындар батырлар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ел үшін қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...