ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 74-ІНШІ КӨКТЕМІ

20:10, 9 мамыр 2019

Петропавлдағы Жеңіс саябағында да мерекелік іс-шаралар өтті.  мыңдаған солтүстікқазақстандық жиналып жауынгерлер рухына тағзым етті.  Көппен бірге жеңіс жауынгерлеріне облыс әкімі Құмар Ақсақалов та құрмет көрсетіп, ескерткішке гүл шоғын қойды. Соғыс ардагерлерін ұлықтады. Сондай-ақ, әскери палаткада ардагерлерге дастархан жайылды.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

- 9 мамыр қасиетті дата. Бұл күні майдан даласында ел үшін, жер үшін кеудесін оққа тосқан әрбір жауынгермен Ұлы Жеңіс күнін бірге қарсы алу сәті бұйырған ұрпақ- бақытты. Бүгін Жеңіс саябағына жиналған барша солтүстікқазақстандықтар от пен оқтың ортасында арпалысқан жауынгерлер рухына тағзым етті.

Батырларымыз соғыста соңғы демі  қалғанша жауға қарсы тұрды. Төрт жылы бойы ғаламат күш-қайрат көрсеткен және өлшеусіз шығынға ұшыраған біздің еліміз немістің қуатты әскери машинасын тас-талқан етті. Жеңіске қол жеткізді. Майдан даласын еске салатын әскери техникалар қойылған саябаққа қала тұрғындары көп жиылды. Соғыстан қанша адам елге оралмады. Көбі іс-түссіз жоғалып кетті. 40шы жылдардың қырғынында қаза болған жерлестерімізді өңір жетекшісі Құмар Іргебайұлы бастаған көпшілік  ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаһармандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қожатай Некібаев - соғыс ардагері. Ел басына күн туған шақта ол небәрі 17 жаста еді. Жас жауынгер қан майданда Венгрия, бұрынғы Чехославакия елдерінде шайқасып, жеңісті Венада қарсы алады.  Қарт жауынгер Құдай қосқан жарымен 70 жыл тату тәтті өмір сүрді. Өкінішке қарай жұбайы қаңтар айында өмірден озды. Олар екеуі 10 бала өмірге әкеліп, 20 немере, 24 шөбере сүйді. Қожатай Кенжеахметұлы 90-нан асса да, әлі тың. Оның тек бір тілегі ғана бар. Ол-соғыстың ешқашан қайталанбауы.

ҚОЖАТАЙ НЕКІБАЕВ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

Амангелді Ақтаев-9 мамыр күні жылда әкесінің суретін қолына ұстап, «Батырлар даңқы» шеруіне қатысады. Оның сөзінше, әкесі Ақтай Ахмеджанов Тула қаласын жаудан қорғап, Венгрияға дейін жетті. 1944 жылы желтоқсан айында Будапешт қаласын басып алу кезінде ауыр жарақат алып, елге оралады. Сөйтіп, жеңісті үйде қарсы алады.

АМАНГЕЛДІ АҚТАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Бейбіт заман сыйлаған ерлеріміздің есімдері ұрпағының мәңгі жадында. Олар батырларымызды ешқашан ұмытпайды.

Сондай-ақ, бұл күні Жеңіс саябағының маңында концерт ұйымдастырылды. Қаламыздың өнерпаздары әскери патриоттық әндер орындап, би билеп, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
20:11, 9 мамыр 2019
НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...