ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

«Ұлы жеңістің батырлары –қазақстандықтар»

18:10, 22 маусым 2016

«Ұлы Жеңістің батырлары - қазақстандықтар». Осылай деп аталған жаңа кітап «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында өткен жиында таныстырылды. Екі томдық туынды облыстық ардагерлер кеңесі мүшелеріне, өлкетану мұражайы және кітапханалар қызметкерлеріне табысталды.

Бейбіт аспан астында тұрып жатқан жас та, кәрі де енді қайтып соғыстың болмауын тілейді. Қанды майданның зардабын шеккендер тыныш өмірдің тәттілігін жақсы біледі. Иван Куропаткин – тыл еңбеккері. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол, небәрі, 10 жаста болыпты. Әкесі майданға аттанса, туған ауылын немістер өртеп кеткен. Бұл оқиға буыны қатпаған бүлдіршінді ерте есейтті.

Бұл оқиға басқа да көптеген тыл еңбеккерлеріне таныс болар. Өзге естеліктерді «Ұлы Жеңістің батырлары - қазақстандықтар» кітабынан оқып білуге болады. Туындыға ең жоғары әскери  марапатқа ие болған 615 ардагердің есімі енгізіліпті, оның 55-і солтүстікқазақстандық ҰОС-ның батырлары. Жобаның жазылуына Қазақстан, Ресей, Буларусь елдерінің мамандары жұмылдырылды. Олар жұмыс барысында сирек кездесетін мұрағаттық материалдарды қолданыпты.

Кітаптың тұсау кесеріне  тыл еңбеккерлері, мәслихат депутаттары және жастар қатысты. Кітап 46 данамен шыққан. Екі томдық туындымен өлкетану мұражайы, облыстық және аудандық кітапханаларда танысуға болады.  

Фариза ЖАЗИТОВА

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...