ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

«ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІК»

21:51, 4 мамыр 2018

Облыстық бейнелеу өнері музейінде Александр Коротковтың фотосуреттер көрмесі ашылды. Автор халық назарына 35 жыл бойы жинаған 65 фотосуретін ұсынды. Шараға соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, соғыс жылдары дүниеге келген жерлестеріміз бен мектеп оқушылары жиналды. 

Александр Коротков - еліміздегі ең танымал фотографтардың бірі. КСРО Журналистер одағының және ҚР журналистер одағының мүшесі. Ол өмірінің басым бөлігін екінші дүниежүзілік соғыстың қаһармандарына арнаған. Автордың сөзінше, ең үздік суреттер кездейсоқ жасалыпты.

АЛЕКСАНДР КОРОТКОВ, ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, АРДАГЕРЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Суреттердің көпшілігі БАҚ жарияланған. Бір өкініштісі дәл қазір майдангерлердің тең жартысы арамызда жоқ. Біз оларды құрметтейміз. Сыйлаймыз. Ер есімі әрқашанда ел есінде.

Фотокөрмеге 65 сурет қойылды. Александр Львович бұл туындыларды 1980-2015 жылдар аралығында жинапты. Өкінішке орай, суреттерде бейнеленгендердің көбісі дүниеден озды. Алайда автордың ізденісі, еңбегінің арқасында жастар ,бейбіт өмір тарту еткен жандарды көре алады.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл көрме құнды нәрсе. Өйткені сол соғыс ардагерлерінің көз тіршілігін соны тарихқа қалдырған александр Львовичке біз көп рахмет айтамыз. Бұл кісі біздің облысымзға ғана емс бүкіл Қазақстанға танымал. Осы кісінің арқасында біз ардагерлер туралы үлкен анонс шығардық. Ол тарихта қалды. 

Бүгінде өңірімізде 74 соғыс  ардагері, 3881 тыл еңбеккері, 17 фашистік концлагер тұтқыны, 9 блокадалық Ленинград тұрғыны ғұмыр кешіп келеді. Олардың көбі жастарының  егде тартқанына қарамастан  қоғамдық өмірге белсене атсалысады.  Сонымен қатар, олар бар білгендерін жастарға үйретуден жалыққан емес.
 

СИНХР: ВЛАДИМИР ТИМОШИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

- Сұрапыл соғыс басымызға келмесін. Жастарға айтатыным бір мезетке компьютерлерден бас тартып, қоғамдық  өмірге ат салысқан дұрыс. Ардагерлерімізді ешқашан  ұмытпайық. Құрметтейік. Олар бізге бейбіт заманды мұра етіп қалдырды.

Көрме бір ай бойы жұмыс істейтін болады. Келем деушілерге есік әрдайым ашық.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Жеңіс күні, мұражай, фотокөрме, ардагерлер

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН  ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 24 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...